Шахмат: Құрама еншісінде 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль

Шахмат:   Құрама еншісінде 3 алтын, 1 күміс,   1 қола медаль

Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Әнуар Исмағамбетов: «Бүгін атаулы күн, қазақстандық шахматтың қазынасы марапаттармен толықты. Кадеттер арасындағы жылдам және өте жылдам шахматтан әлем біріншілігінде қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Біздің чемпиондарымызды, олардың жаттықтырушыларын, ата-аналарын және олардың табысты өнер көрсетуіне ықпал еткен барша жанды құттықтаймын!» – деді.  Грекияда өткен World Youth Rapid Championships турнирінде 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазбек Нөгербек бұл жолы Қазақстан қоржынына блиц шахматтан алтын медаль салды.  Ал блицтен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында 17 жастағы шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Назерке Нұрғали алтыннан алқа тақты. 14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста күміс жүлде кеше рапидтен қола жүлдегер атанған Даниял Сәпеновке бұйырды. 

Ермек САХАРИЕВ
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 825
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6899
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10735
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6968
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7107