Сахна шеберлерінің еңбектері еленген күн

Сахна шеберлерінің еңбектері еленген күн

Халықаралық театр күнінде Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрында салтанатты іс-шара өтіп, шығармашылық ұжым зор құрметке бөленді. 

Алдымен құттықтау сөз алған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов Хадиша театрының өнер саласындағы орны ерекше екенін атап өтті. – Бүгін театрдың өнер ұжымы мен көрермен бас қосқан жиында кездесіп отырмыз. Бұл өнер ордасының жеткен жетістіктері мен бағындырған асулары аз емес. Шоқтығы биік ұжым түрлі қойылымдарды сахналаумен қатар өңіріміздегі немесе республикалық деңгейдегі іс-шараларда түрлі кесек тұлғаларды сомдап, белсене атсалысып жүреді, – деді Медхат Мұсаұлы. 

Құттықтау легін жалғаған «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Айдар Батырханов бүгінгі қоғамда қазақ театрының арқалайтын жүгі ауыр екенін жасырмай «Қазақ театры ұлт үшін қажет» деген тұжырым жасады. 

Салтанатты шара барысында аға буын өкілдерінің бірі, танымал театр саңлағы Сердеш Қажымұратовқа ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құттықтау хаты табысталды. Сонымен қатар Жылқыбай Жұбатов, Алтынбек Қабошев, Әйгерім Сағаденова, Ажар Сатқанова сынды театр актерлары мен қызметкерлері кеуделеріне салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты. Ал театрдағы белді актерлардың бірі Теміржан Матаев Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Дара» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ қазақ театр өнерін дамытуға өз үлестерін қосып жүрген театр қызметкерлеріне сала министрінің, облыс әкімінің, БҚО мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасы басшысының, салалық кәсіподақ мен Қазақстан театр қайраткерлері одағы төрағасының алғыс хаттары; салалық кәсіподақтың және Қазақстан театр қайраткерлері одағының Құрмет грамоталары табысталды.

Театр ұжымын Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармония директоры Бауыржан Халиолла мен БҚО камералық оркестрінің директоры Ернар Өмірәлі де құттықтап, өнер иелеріне шығармашылық табыс тіледі. 

Театрдың төл мерекесінде актриса Нұргүл Жұбатова әріптестеріне арнап «Мен бақытты бола салам бір күні» деген сазгерлік туындысын тарту етті. Театр жастары да өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік шараның шырайын келтірді. 

Театр қойылымдарын тұрақты түрде тамашалап жүрген көрермендер де марапаттан құр қалмады. Солардың бірі, Оралдағы №41 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлдана Иманиязова: – Театрдың қызметі өте күрделі екенін бағалаймын. Театр – мәдениеттің ошағы. Өзім мектеп мұғалімі әрі тәрбие ісіне жауапты маман ретінде өнер ордасымен тұрақты байланыс орнатып келемін. Әр қойылымның жас ұрпаққа берерін, ата-ана үшін ұлттық құндылықтарға бай болуын зерделеп жүремін. Оқушыларымыз бен ата-аналарымызға сондай қойылымдарды көруге кеңес беріп отырамыз. Сонымен қатар мектебімізде «Театр күні» белгіленіп, тәрбие жоспарына енгізілді, – дейді. 

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ

БҚО, Орал қаласы

30.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24119
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23791
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41266
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37182
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41465