Саяси науқанмен түйінделген апта

Саяси науқанмен түйінделген апта

Өткен апта еліміздегі саяси маңызы зор тарихи оқиға – Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау науқанымен түйінделді. Бұл күні Орал қаласында орналасқан 123 сайлау учаскесіне барып, қалаған үміткеріне дауыс берген жерлестеріміз өз таңдауларын жасады. 

Сайлау күні таңертеңгі сағат 7-ден бастап сайлау учаскелеріне ағылып, отбасыларымен, көршілерімен, ұжыммен бірге өз таңдауларын жасаған оралдықтар үшін бұл күн маңызды болды. Себебі олар жаңа Қазақстанның лайықты көшбасшымен бірге көркеюіне өз үлестерін қосты. 

Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, сайлаушылардың арасында кәмелет жасына толып, ең алғаш рет дауыс берген жастар да, Отанының ертеңіне алаңдайтын ардагерлер де, түрлі додаларда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да болған. Мысалы, биыл бірінші рет дауыс беру құқығына ие болған студент жастар Құралай Ақболатова мен Бекарыс Қибатов өз таңдауларын жасап қана қоймай, естелік сыйлыққа да ие болыпты. Ал Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Скаленко мен оның зайыбына үйден дауыс беруге мүмкіндік берілген. Жалпы сайлау учаскесіне денсаулығына және басқа да белгілі себептермен  бара алмаған тұрғындарға тұрғылықты жері бойынша дауыс беру жәшіктері жеткізілген. 

20 қараша күні Оралда қалаішілік қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдады. Ал облыс орталығындағы сауда үйлерінде шағын концерттер ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күйді еселеді.

      

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 114
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 40
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 114
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8989
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8384
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11609
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9367
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10593