Бұл туралы журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтқан «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев: «Ресейлік «Сбербанктен» сатып алынған Қазақстандағы еншілес банк ребрендингтен өтіп, жаңа атау алмақ. Ребрендинг міндетті түрде болады. 1 қыркүйекте меншік құқығын беру транзакциясын жаптық. Жаңа банк «Береке банк» деп аталады. Қазақша жақсы сөз, мұны барлығымыз бір-бірімізге тілейміз», – деді.