Шеберлер марапатталды

Шеберлер марапатталды

Оралда биылғы «Қала күні» мерекесіне орай өткен аптада ашылған «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі өз жұмысын аяқтады.

Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған жәрмеңке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

«Ақжайық – шеберлер қаласы» көрмесін тамашалауға келген Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев қолөнер шеберлері мен суретшілердің туындыларымен танысты. Жәрмеңкенің жабылу салтанатында сөз алған Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев оралдықтар мен қонақтарды мерекелерімен құттықтады. Сонымен бірге он күн бойы көрмеге қатысқан бір топ қолөнер шеберлерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Шара барысында қалалық мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты балалар аула клубтары мен комьюнити орталықтарының тәрбиеленушілері және үйірме жетекшілері жиылған жұртшылыққа мерекелік концерт ұсынды.

Тағы бір айта кетерлігі, Арбат бойындағы жәрмеңкені Орал қалалық білім беру бөлімі ұйымдастырған дәстүрлі «Гүлдер фестивалі» толықтырған болатын. Оралдықтар мен қала қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлаған фестивальге қалалық білім беру бөліміне қарасты қосымша білім беру ұйымдарының жұмыстары қойылды. «Атамекен» туризм және экология орталығы мен қала мектептері шаһарымыздағы сәулет ғимараттары макеттерінің көрмесімен тәнті етті. Ал оралдық мектепке дейінгі ұйымдар көрмені гүлдерден жасалған композициялармен безендірді.

Оралдықтар қала мерекесінде шеберлердің көрмесімен басталып, әдемі гүлдердің көрінісімен жалғасқан жәрмеңкені келер жылы да асыға күтетін болады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 85
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 68
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 85
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 72
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 80
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 70
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 77
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 75
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 296

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9308
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8702
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11931
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9704
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10912