Шегірткемен шайқас

Шегірткемен шайқас

Осы апта Ақтөбеде тағы да жаңбырлы басталды. «Жаңбыр – жер ырысы» болғанымен, ылғалдың көп болуы егін зиянкестерінің де тез таралуына әкеліп отыр. Облыс аумағында, соның ішінде Алға, Мәртөк, Қобда, Темір аудандарында, ішінара Ақтөбе қаласында – шалғынды көбелек, Әйтеке би, Ырғыз, Шалқар аудандарында табын шегірткелер бары байқалып отыр. Егін зиянкестерінің таралуына жол бермеу үшін ақтөбелік шаруалар химиялық зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.        

Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиев облыста шабындық көбелегі пен шегірткеге қарсы жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқанын айтты. 

Шегірткенің италиялық және азиаттық түрі облыстың Әйтеке би, Ырғыз, Шалқар аудандарында басқа аудандарға қарағанда жиірек шоғырланып отыр. Бүгінде «шетелдік» шегірткенің көзін құрту үшін 312 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған, оның ішінде 297,5 мың гектар жерге – италиялық шегірткеге, 22,5 мың гектар жерге   азиаттық шегірткеге қарсы өңдеу жүргізілмек. 

– Бүгінде италиялық шегірткеге – 211,8 мың гектар жерге (72%), азиаттық шегірткеге қарсы 11,4 мың гектар жерге (51%) өңдеу жүргізілді. Бұл жұмыстарды қуатты техникамен жабдықталған арнайы мамандандырылған мекемелер жүргізіп жатыр. Мәселен, Әйтеке би ауданы бойынша – «ЗапКазФумигация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шалқар, Ырғыз аудандарында «Ақтөбе-Құнарлылық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бағжан» жеке кәсіпкерлігі жүргізеді. Олар тиімділігі жоғары «Лакустин», «Вантекс», «Тарзан» секілді химиялық препараттар қолданып отыр, – деді ол. 

Өткен айда Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс «Биыл Ақтөбе облысында қара шегіртке қаптауы, әсіресе Әйтеке би ауданы зиянкестердің отанына айналуы мүмкін екендігін» айтқан-ды. Себебі Қазақстан бойынша химиялық өңдеу жүргізілетін 760 мың гектар жердің басым бөлігі – 212 мың гектар жері Әйтеке би ауданына тиесілі. 

Айтпақшы, зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуді өз қаражаты есебінен жүргізген шаруашылық құрылымдарына жеңілдік бар. Бұл ретте оларға дәрілердің құнын 50 пайызға дейін арзандату түрінде субсидия төленеді. Биыл шегірткеге қарсы күреске екі жарым миллиард теңге қарастырылған. 

Шалғынды көбелек те шаруаларды біраз әбігерге салып отыр. Алайда мамандар көбелектің өзінен гөрі оның құрты қауіптірек екенін айтады: 

– Қазіргі уақытта кейбір аудандарда шалғынды көбелегі кездеседі. Алайда оның ішінде ең қауіптісі – шалғынды көбелегінің құрты. Осыған байланысты өңірдегі барлық субъектілер көбелек құртын жою бойынша жұмысты жалғастыруы керек. Қалыптасқан ауа райы жағдайларын ескерсек, көбелек құрты шілде айының екінші, үшінші онкүндігінде көбеюі мүмкін. Сондықтан бұл жағдай бақылауға алынады,  – дейді ол.

Асылхан Әбтиевтің айтуынша, Ақтөбе облысында 16,2 мың гектар жерге шабындық көбелегінің таралмауы үшін химиялық жұмыстар жүргізілді, оның ішінде 1,7 мың гектары мемлекеттік қор болса, 14,5 мың гектары – ауылшаруашылығы құрылымдарының жері. 

– Жалпы қазіргі таңда шегірткелер мен шалғынды көбелегі мәселесі тиісті органдардың күнделікті бақылауында тұр. Бүгінге дейін облыста ауылшаруашылығы дақылдарының зақымдануына жол берілген жоқ, – дейді Асылхан Әбтиев. 

М.ТАБЫН, Ақтөбе облысы
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 82
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 85
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 193
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 411
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 373
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 993

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9069
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8467
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11693
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9455
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10673