Шемонаиха қаласындағы екі ықшамауданда су құбыры желілері қайта жаңғыртылды

Шемонаиха қаласындағы екі ықшамауданда су құбыры желілері қайта жаңғыртылды

 

📌Бүгін аудан тұрғындарымен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов халықты сумен жабдықтау жұмыстарының барысын айтып берді. 

«Ауданда 34 елді мекеннің 32-сі сумен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың суға қолжетімділігі 98,4%-ды құрайды. Биыл Шемонаиха қаласының 11 және 12 ықшамаудандарында су құбыры желілері қайта жаңғыртылды. Березовка және Большая Речка ауылдарында су жүйелерінің құрылысы аяқталуға жақын», - деді аймақ басшысы. 

Сондай-ақ осы жылы жергілікті бюджет есебінен Первомайский кентінде, Барашки ауылында, Шемонаиха қаласында су желілері жөнделді.

✔Сондай-ақ облыс әкімі халықты интернетпен қамту жайлы да сөз етті. Қазіргі уақытта Шемонаиха жұртшылығының 95,1%-ы астамы интернетке қосылған. 

«Екі мыңнан астам адам тұратын 9 елді мекенде байланыстың болмауына немесе сапасыздығына қатысты арыз-шағымдар түсіп жатыр. Большая Речка және Медведка ауылдарында бюджет қаражаты есебінен антенна-мачталық діңгектер құрылысы аяқталды. Қалған ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында байланыс операторларымен бірлесіп жүзеге асырылады», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аудандағы 6 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Starlink орнатылған. Көлік жолдарындағы байланыстың жоқтығы мәселесін шешу үшін биіктігі 60 метрлік антенна-мачталық діңгекті республикалық тасжол бойында орнатуға жобалық құжаттама әзірленуде.

Тәттімбек Асханұлы 

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің 

ШҚО бойынша меншікті тілшісі

 

03.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 325
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 322
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 298

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20617
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20407
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35507
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34080
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37944