Бүгін ҚР Парламенті Сенаторлары Абдалы Нұралиев, Бекболат Орынбеков жұмыс сапарымен ауданымызда болып, Қостөбе ауылы маңындағы Тараз қаласының шайынды-кәріз сулары жиналатын орнын, өңірдегі газбен қамтамасыз ететін магистральды газ желісінің жұмыстарымен танысты.
Шайынды су жиналатын орынның жай күйін көрген сенаторлар алдағы уақытта қосымша алқап қаралатынын, сондай-ақ «Казфосфат» өндірістік кәсіпорнының қалдық өнімдері бойынша Үкімет басшысының назарына арнайы жоба ұсынатынын жеткізді.
🗒 – Тұрғындардың денсаулығы – ұлттың саулығы. Кәріз жүйесі жиналатын орынға қосымша жер қарастырамыз. Алдағы уақытта шайынды суды ауылшаруашылығына қажетті өнімдерге пайдалану үшін арнайы жобаны жүзеге асыратын боламыз. Тараз қаласы маңындағы Шайқорық, Танты елді мекендері бұрқасын жел салдарынан зауыт қалдықтарынан тұнып қалатынын да білеміз. 2024 жылы кәсіпорынның жер пайдалану мерзімі аяқталады. Қосымша ауыл-аймақтан шалғай орналасқан аумаққа өнімдері жиналады. Бұл келеңсіздікті жою үшін алдағы жылдардың еншісінде қалдыруға мәжбүрміз. Жұмыс сапарымыз аяқталған соң Үкімет басшысына ауылдағы жағдайды толық баяндап, жою салдары бойынша жасалған жұмыстардың барысын назарға ұсынамыз, – деді Бекболат Серікбекұлы.
Сондай-ақ өңір басшысы Ерлан Қыдыралыұлы сенат депуттатарының ауылдағы проблемалық мәселелердің арнайы көріп, шешілу жолдарына қарастыратына алғыс білдірді.