Сенат Пірматовтың кандидатурасын қолдады

Сенат Пірматовтың кандидатурасын қолдады

 

    Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын мақұлдады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев: «Конституцияға сәйкес, Президенттің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Сенаттың келісімін алу үшін Президент палатаға тиісті ұсыным енгізді»,— деді. Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың қарауына келісім алу үшін Ұлттық банк төрағасы лауазымына үміткер ретінде Ғалымжан Пірматовты ұсынып отырғанын жеткізді. Палата депутаттары президенттің кандидатурасына бірауыздан келісім берді. Еске сала кетейік, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев жақында Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

 

Ермек Сахариев
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5559
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5706
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20674
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19308
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22771