Сенат Спикері Консультативтік Кеңес Төрағасымен кездесті

   Сенат Спикері Консультативтік Кеңес Төрағасымен кездесті

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейхпен кездесті. Мәулен Әшімбаев: «Соңғы жылдары біздің елдеріміз арасындағы байланыс ерекше екпінмен дамып келеді. Бұл – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдельазиз әл-Сауд арасындағы достық қарым-қатынастың нәтижесі. Екі елдің байланысын одан әрі дамытып, нығайту мәселесі ел басшыларының үнемі басты назарында. Мемлекет басшылары белгілеп берген осындай жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты Қазақстан Парламенті мен Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесі тарапынан лайықты жалғастыру маңызды. Бұл ретте Қазақстан Пралменті мен Корольдіктің Консультативтік Кеңесінде құрылған елдеріміз арасындағы достық топтарының маңызы зор. Біз Сауд Арабиясының экономиканы әртараптандыру және жаңғырту бағдарламасын зерделеуге мүдделіміз», – деді. Сонымен қатар кездесу кезінде келесі жылы 14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы да кеңінен сөз болды. Сенат Спикері Сауд Арабиясының Қазақстанда өтетін дәстүрлі дінаралық форумды үнемі қолдап келе жатқанын тілге тиек етті. Осыған орай сұхбаттасушылар Съезд аясында да екі елдің ынтымақтастығын арттыруға ниетті екендерін білдірді. «Съезге дін лидерлерімен қатар белгілі саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйымдардың басшылары да қатысады. Корольдік өкілдері Жұмыс топтары мен Съезд Хатшылығының отырыстарына тұрақты түрде қатысып, форумның мазмұнды өтуіне және қорытынды құжатты дайындауға үлкен үлес қосып келеді. Осыған орай саудиялық тарапқа Форум жұмысына белсенді қатысып келе жатқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Келесі жылы өтетін VII Съезд барысында да қолдау көрсетесіздер деп үміттенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев. Кездесуде коронавирус пандемиясымен күрес мәселесі де назардан тыс қалмады. Сенат Спикері Қазақстанның осы бағытта қабылдаған шараларына, оның ішінде QazVac отандық вакцина әзірлеу ісіне тоқталып өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанның QazVac-ты өзге елдерге экспорттауға дайын екенін де жеткізді. Палата Төрағасы еліміздің өңірде және әлемде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса мән беріп отырғанын айтты. Пандемия бүгінде бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін көрсетіп берді. Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президентінің БҰҰ-ның қолдауымен халықаралық Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі агенттік құру туралы бастамасының маңызы зор екеніне көңіл бөлді. Бұдан басқа екі ел арасында туризм саласы бойынша да ынтымақтастықты күшейтуге зор мүмкіндіктер бар екені айтылды. Сенат Төрағасы еліміздің туристік әлеуетіне кеңірек тоқталып, Түркістан қаласында және Каспий жағалауында салынып жатқан салалық кластерлерге, сондай-ақ, осы бағыттағы басқа да бастамаларға назар аударды. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта Қазақстан-Саудия қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға және кеңейтуге белсенді түрде ықпал етуге, сол жолда ынтымақтасуға дайын екендерін жеткізді.

Ермек Сахариев
22.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 109
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 122
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 213
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 213
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 350
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 351
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 581
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 525

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9230
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8626
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11851
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9621
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10834