Сенат заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат заң жобасын   мәжіліске қайтарды

Жоғарғы палатаның жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасын талқылады. Соған байланысты  Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров: «Уәкіл заң жобасында тәуелсіз және ешбір мемлекеттік орган мен лауазымды тұлғаларға есеп бермейтін жауапты мемлекеттік лауазымды иеленетін тұлға ретінде айқындалады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге оның қылмыстық жауаптылығына немесе әкімшілік жауапкершілігіне қол сұғылмаушылық мәртебесі беріледі және куәгерлік айғақтар беруден босатылады. Омбудсменнің заңды қызметіне араласуға не кедергі келтіруге тыйым салынады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге келсек, оның қызметіне қатысты келесі өзіндік талаптар мен шектеулер көзделеді: саяси қызметпен айналысуға, мемлекеттік қызметте болуға, саяси партияларға қатысуға тыйым салу және тағы да басқа. Омбудсменнің өкілеттіктері айтарлықтай кеңейеді. Уәкіл мынадай құқықтарға ие: Президентке, Парламент пен Үкіметке адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеу, заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; шақырылған жағдайда Парламент палаталарының, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, мемлекеттік органдарда құрылған алқалық және басқа да органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың отырыстарына қатысуға; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізу не қылмыстық істі жүзеге асыру туралы өтінішхатпен мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге; мемлекеттік аппараттың шешімдерімен немесе әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) бұзылған шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін талап арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуге және басқалар. Мұндай шаралар сөзсіз Омбудсмен институтын нығайтады», –  деді. Талқылау барысында Сенат депутаттары заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды.      

 

Ермек САХАРИЕВ
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 76
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803