Сенатор жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына наразы

Сенатор жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына наразы

    Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы ауыз су тапшылығына қатысты проблемаларды атап өткен Сенатор Ғұмар Дүйсембаев: «Мен Теңіз және Қашаған кен орындарын игеруді белсенді түрде ұлғайту, сондай-ақ Атырау мұнай-химия паркін дамыту және газ өңдеу зауытын салу таяу болашақта су тапшылығының артуына алып келеді деп санаймын. Ол әсіресе Атырау облысының Исатай, Жылой аудандары мен Құлсары қаласының тұрғындарына қатысты болуы ықтимал, мұндағы тұрғындар қазіргі кездің өзінде жаз мезгілінде суды сағат бойынша алады. Бұл мәселені шешуге «Көкжиде» тұщы су ерекше кен орны көмектесе алар еді. Ол Ақтөбе және Атырау облыстарының шекарасында Мұғалжар ауданында орналасқан батыс өңірдегі ең ірі тұщы су көзі. Алайда, мен жер қойнауын пайдаланушылар осы кен орны аумағы мен дәл жанынан ұңғыма қазып, іздестіру жұмыстарын жүргізіп, бұл жер асты суының ластануына әкелуі мүмкін деп алаңдап отырмын. Ал таза су көзі ластанған жағдайда туындайтын шығын жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін кірістермен салыстыруға келмейді. Осы гидрогеологиялық объектідегі жерасты суының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін бірыңғай операторды айқындау мәселесін қарауды сұраймыз. Көкжиде мекенінде экологиялық жағдайдың нашарлауына және жер асты суының ластануына жол бермеу үшін қолданыстағы мұнай өндіруге арналған келісімшарттарды зерделеу керек. Қажет болған жағдайда, мұнай компанияларына одан әрі іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салу және келісімшарттарды ұзартпау керек», — деп қадап айтты.

Ермек Сахариев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5518
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5667
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20638
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19270
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22730