Қарымды әріптес Тоқтар Жақаш ағам: «Путин Трамппен кездесу үшін жарты әлемді шарлап, Венгрияға бармайтын болды. Кремль соғысты түйісу шеңберінде тоқтатуға келіспейді. Трамп Ресейге қарсы жойқын санкция жариялап жатса, егжей-тегжейін енді білеміз. Ұзақ қашықтыққа ұшатын батыс зымырандарын Ресейдің кез келген қаласына атуға рұқсат берді. Қызық енді басталады!
Босқындар мен қашқындар біздің елге ағылуы мүмкін. Дереу шекараны реттеп, дезертирлер арасындағы күдіктілерін ішке кіргізбеу керек! Лажы болса, карантин жариялап, Ресей азаматтарын кіргізуді тоқтатып тастау керек. Осы жағдайды пайдаланып, біз шикізат пен азық-түлік өндіретін кәсіпорындарды өзімізде тезірек салып алсақ күшті болар еді!» – десе де, өз басым, бұл екі мықтыға сенбеймін. Себебі, екеуі де орыс арнайы құрылымының адамы.
Мен халықаралық саяси шиеленістер маманы емеспін, десе де, Трамптың совет КГБ-сына қатысы бар. Мұның қол-аяғы байлаулы. Мақсаты украинды орысқа жығып беру ме деп ойлаймын.
Орыс ешқашан жеңілісті мойындағысы келмейді және оның сөзінің бәтуасы жоқ: ылғи өтірік айтады.
Бірақ, Трамп өте ауыр саяси қателік жіберді. Көкұлдар енді ешкімге сенбейді. Тек өз күші мен рухына сеніп отыр. Оларда мықты сенім бар, сенім бар жерде жеңу бар. Орыста мұның бірі де жоқ және болмаған!
Қажымұқан Ғабдолла















