Серік Шәпкенов: Жастарды ауылға тарту үшін оларға жағдай жасауымыз қажет

Серік Шәпкенов: Жастарды ауылға тарту  үшін оларға жағдай жасауымыз қажет

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Исатай ауданына жұмыс сапары аясында Аққыстау ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды айтты.

Жиналғандар ауылдағы өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде дене шынықтыру кешенін жөндеу, ауылішілік жолдар салу, ауыз су мәселесі, Жасқайрат елді мекеніне газ тарту және т.б. мәселелер бар. 

 

Аймақ басшысы Аққыстау ауылының тұрғындарының мәселесіне қанықты. Ұсыныстарты тыңдап, жергілікті халықтың сұрақтарына жауап берді. 

— «Ауыл – алтын бесігіміз» дейміз. Бар адами құндылықтың алтын тамыры, тәрбиенің тал бесігі – ауылға, ең бірінші  кезекте аялы алақан қажет. Ауылдың тұтқасы – жас буынның қолында. Өйткені олар – ел ертеңі, кемел кешелектің кепілі. Ал оларды ауылға ат басын бұрғызу үшін жағдай жасау керек. Бүгінде осы мақсатта мемлекет жастарға біраз қамқорлық көрсетіп отыр,- деді Серік Шәпкенов. 

Кездесуден соң аймақ басшысы айтылған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.

Айта кейік, Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылдық округінде 10 мыңнан астам халық тұрады. Округ бойынша 4 мектеп, 5 балабақша, саз және спорт мектептері, 2 мәдениет үйі, 5 кітапхана, емхана, 2 спорт кешені және т.б. басқа әлеуметтік нысандар бар.

12.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5214
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5372
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20338
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18973
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22436