Сертификатталған мамандарды жұмыспен қамту

 Сертификатталған мамандарды жұмыспен қамту

ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сертификатталған мамандар университетті бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмайды, тапса да орналаса алмайды. Жұмыс беруші жас маманнан жұмыс өтілін сұрайды, ал түлек тек теориялық біліммен ғана шектеледі.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2022 жылдың I тоқсанында халықты жұмыспен қамту іріктемелі зерттеуінің қорытындысы бойынша 15 жастан асқан жұмысшылардың саны  9,3 млн, яғни 65,7% құрады. Жоғары және орта кәсіптік білімі бар 7,9 млн, ол 89,1% , оның негізгі үлесі – 67,3%,  5,9 млн адам  29-54 жастағы адамды құрады. 15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%  құрады. Дипломы бар жастарды жұмыспен қамту мақсатында елімізде бірнеше бағдарламалар іске асырылған. Солардың бірі – жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі. Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мемлекеттік және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесіп, 8 шілде күні ЖОО және колледж түлектері үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады. Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыру.  Шарада  60 кәсіпорын білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, туризм, ІТ және телекоммуникация, мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банктер және  сауда саласындағы ірі бизнес өкілдері жастарға 2000 бос жұмыс орындарын ұсынды.

«Жастар жәрмеңкесі, бұл – өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындары нарығын зерттеуге және бірнеше жұмыс берушімен тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндіктердің бірі. Бірнеше кәсіпорындарға өз түйіндемемді көрсеттім. Алда жұмысқа орналасып кететініме сенімдімін», – деді жас түлек Бекжан Аликұлы.  

 

Балжан АЛЖАНОВА
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 378
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9041
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646