Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржыны және онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беруді тапсырамын. Адал еңбек, әділ сыйақы идеологиясы компрадорлар (шетелдік капитал мен дамушы елдің ұлттық нарығы арасында делдал болған кәсіпкер), уақытша жұмыс істейтіндер дүниетанымын алмастыруы керек. Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілерге, мемлекеттік саясат мәселелеріне, ұлттық бірегейлік пен жастарды тәрбиелеуге әсер ететін үкімет пен қоғамның ортақ міндеті. Бизнестен салық төлеуде адалдық пен әлеуметтік жауапкершілік талап етіледі. Мұндай тәсілдің бір көрінісі – «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық. Мен бұған дейін де айттым және бүгін де қайталаймын, оны құру негізінен ірі ұлттық буржуазияның есебінен жүруі керек, дегенмен басқа компаниялардың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың салымдары, әрине, құпталады. Мен тағы да айтамын – бұл мәжбүрлеу емес. Табысты компаниялар мен азаматтардың ұлттық игілікті мақсаттарға қаражат бөлуіне мүмкіндік», – деді.