ШИКІЗАТТЫҚ ЭКСПОРТТЫҢ ШИКІЛІГІ

ШИКІЗАТТЫҚ ЭКСПОРТТЫҢ ШИКІЛІГІ

Әлемдік нарықта шикізаттық тауарлардың бағасы біртіндеп өсуде. Сыртқа негізінен шикізаттық өнімдер шығаратын Қазақстан үшін бұл жақсы үрдіс. Бірақ, соған қарамастан, еліміздің экспортқа шығаратын шикізаттық тауарларының бағасы импортталатын дайын тауарлардың бағасын өтей алмайды. Яғни еліміздің сыртқы саудасы теріс сальдоға ие. «Мұның себебі мынада», – дейді «Jusan Analytics» зерттеу орталығының талдаушысы Аят Сұрағанов, – Қазақстанның сыртқа шығаратын тауарлар қатары әртараптандыру жағынан әлсіз. Экспортқа негізінен төменгі шектегі тауарлар: өңделуі қарапайым, әлі де өндіріске жіберілетін өнімдер (мұнай, газ, металл кендері, дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер, тыңайтқыштар және т.б.) шығарылады. Ал елге негізінен жоғары шектегі тауарлар жеткізіледі. Яғни олар технологиясы күрделі, терең өңделген, жеке тұлғалар сатып алуға болатын дайын өнімдер».

Сәйкесінше халықаралық сауда рейтингтерінде Қазақстанның дамыған елдерге қатысты жайғасымы әлсіз. Қазақстанда тауар нарықтарын реттеу бойынша PMR (Product Market Regulation) жалпы рейтингі 2.12-ге тең. Экономикалық еркіндік және экономикалық күрделілік индекстері бойынша еліміз әлемде 64-ші, 87-орындарға ие. «Қазақстанның сыртқы судасы көптеген сыртқы қауіп-қатерлерге, тәуекелдерге осал келеді. Кезінде COVID-19 пандемиясы салдарынан тауарларды жеткізу тізбегі бұзылды. Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс логистиканы одан сайын қиындата түсті. Мұның барлығы сыртқы сауданың дамуына кері әсер етеді», – дейді Аят Сұрағанов. Маманның айтуынша, Қазақстан үшін мұнайды Еуропаға экспорттаудың негізгі жолының (Каспий құбыр желісі консорциумы) уақытша жабылып қалу қаупі әлі сейілген жоқ. Бұған қоса Қазақстанның экспорттаушы компаниялары санкциялық тізімдегі компаниялармен ынтымақтасқаны немесе санкцияға ілінген тауарларды Ресейге экспорттағаны үшін екінші қайтара санкцияларға тап болуы мүмкін.

Не істеу керек? «Jusan Analytics» маманының айтуынша, әлемдік ахуалдың құбылмалылығына қарамастан, Қазақстанда бай шикізаттық базаны сыртқы сауданы кеңейтуге және әртараптандыруға пайдалануға болады. «Шикізаттық тауарлардың бағасы болашақта да тұрақсыз болып қалуы мүмкін, бірақ орта мерзімді келешекте табиғи ресурстарға деген сұраныс Қазақстанның экономикасының дамуы үшін маңызды фактор болып қала бермек. Ендеше, шикізаттық тауарлар легін пайдалана отырып, елімізде экспорттық тауарлар қоржынын кеңейтіп, орта және жоғарғы шектегі өнімдердің үлесін арттыру және жаңа сауда-саттық нарықтарын ашу керек», – дейді «Jusan Analytics» талдаушысы.

COVID-19 пандемиясынан кейін әлем елдері ғаламдастыру идеясынан біртіндеп бас тартып, енді аймақтық бірлестіктерге жіті көңіл бөле бастағаны белгілі. Сондықтан Қазақстан үшін жақын көршілермен тығыз қарым-қатынас жасау экономиканы дамытуға жаңа серпін берері сөзсіз. Болашақта Қытай, Үндістан, Түркия және Орталық Азия мемлекеттері Қазақстан үшін тұрақты импорт көзіне және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаудың тартымды нарықтарына айналулары мүмкін. Қазақстанның сыртқы саудасы жайлы зерттеу жұмысымен мына сілтеме бойынша толыққанды танысып шығуға болады:  https://jusananalytics.kz/kz/vneshnyaya-torgovlya-rkyanvar-maj-2022-goda/

Айбота ЖАППАРБЕРГЕН
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541