Соғыс өршіп барады

Соғыс өршіп барады

Ресей мен Украина арасындағы соғыстың 229-күні, Ресей тарапы Украинаның астанасымен қоса Днепр, Житомир, Тернополь, Львов қалаларына зымыранмен шабуыл жасады. Оның салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны хабарланып жатыр. Мәскеу бұл әрекеттерінің «Қырым көпіріндегі жарылыстың қарымтасын қайтару» деп ашық айтты.

Украина қарулы күштерінің командирі Валерий Залужный бұл шабуылдардың мақсатты түрде жасалғанын айта келіп, Ресей тарапынан Украинаға қарай атылған 75 зымыранның 41-ін қағып түсіргендіктерін мәлімдеді. 

Жағдай шиеленісе түсті

Қазіргі таңда екі жақта да жағдай шиеленісіп бара жатыр. 21 қыркүйек күні Ресей Президентінің үндеуінде айтылған «Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың Ресей Федерациясында ішінара мобилизациялау туралы ұсынысын қолдау қажет деп санаймын» деген сөзі мен осы туралы арнайы жарлыққа қол қойғандығы белгілі бола салысымен шетелдерге кетушілердің саны күрт артқан еді. Сол күні Мәскеу көшелеріне мыңдаған адам шығып, соғысқа қарсы екендіктерін айтып, ұран салды. Әлеуметтік желілерде Қап тауындағы халықтар да бұл соғысқа қарсы екендіктерін білдіріп ереуілге шыққандары жайлы хабарлар таралып жатты. Алайда бұл бүкілресейлік науқанға айналып кете қойған жоқ. Осылайша «Путинді ешкім тоқтата алмайды. Оны райынан қайтара алатын бірден-бір күш – ресейліктердің батыл талабы» деген жорамал да таяу арада жүзеге аса қоймайтын сияқты. Себебі ресейліктердің көбі «Украинадағы ұлтшылдардың ол жақтағы орыстарға күн көрсетпей отырғандығына шын жүректен сенетіндігі» байқалып отыр.

 

Әлемді алаңдатып отырған ең маңызды мәселе «Киевті үш күнде басып ала алмаған Путиннің» қазірге дейін бірнеше рет ядролық қаруларды қолданудан бас тартпайтындығын ашық айтқандығы болып отыр. Бұл туралы да жорамалдар көп. Біреулер Путиннің бұл сөзі құқай көрсету десе, екіншілері «долданған диктатордан бәрі шығады» деп үрейге салынып отыр. Алыста жатып отқа май құйып отырған 

 

АҚШ-ты кінәлайтындар да көбейіп келеді

11 қазан күні таралған ақпараттарда Украина президенті Зеленскийдің Германияға жолдаған «Украинадағы жағдайды талқылау үшін G7 тобына кіретін мемлекеттер жетекшілерінің жиналысын өткізу туралы өтініші қабылданғандығы белгілі болды. Бұл шұғыл жиналыс сейсенбі күні онлайн форматта өтпек.

Қазірге дейін екі жақтан қаза тапқандардың нақты саны жөнінде сенімді деректер аз. Соңғы бір айдың ішінде орын алған оқыс оқиғаларға зер салсақ, жағдай күн сайын ушығып бара жатқандығын, әрі жақын арада шешімін таба қоймайтындығын бағамдау қиын емес сияқты. Төрт облыстағы референдум мен «Қырымға дейін қайтарып аламыз» деген украиналықтардың қайтпас жігері, «ядролық оқ тұмсықтары болуы мүмкін» пойыздардың Украина шекарасына қарай кетіп бара жатуы сынды хабарлардың соңы қандай нәтижеге жететіндігін ешкім болжай алмаса керек. 

Куда на территории России могут долететь ракеты и снаряды, поставленные США  Украине — EADaily — Россия Украина новости. Россия Украина. Украина Россия.  Новости Россия Украина. Новости Украина Россия. Новости России. Новости  Украины.

 

Саясаткерлердің қарсылығы

Ресейдің 10 қазандағы жаппай шабуылын қатаң айыптап жатқан Батыс елдері алдағы уақытта Украинаға бағытталған әскери көмекті одан әрі көбейте түсетіндігін жария етті. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ресейге жаңа санкция салу туралы ұсыныс жасады. Бұдан өзге Еуропа одағы сыртқы саясатының басшысы Жозеп Боррель Украинаға қосымша әскери көмек берілетінін мәлімдеген.

Ақпарат көздері Батыс елдерінен Украинаға әскери көмектің үздіксіз артып жатқандығын хабарлап жатыр. Бұл өз кезегінде соғыстың тезірек аяқталуына септігін тигізе ала ма, жоқ па деген мәселеде күрделі сұрақтар тудырып отыр. Дегенмен Еуропа мен АҚШ-тың саяси сахнасында Украинаға қару беру, қаржылық қолдауларды молайту секілді шешімдерге қарсы шығатын саясаткерлер де көбейіп келе жатқандай. Жақында «Твиттер» желісінде АҚШ-тық саясаткер, Аризона штатынан сайланған конгресс мүшесі Пол Энтони Госардың қатаң мәлімдемесі таралды. Бұрынғы Президент Дональд Трампты қолдайтын саясаткер Байденнің Украинаға көрсетіп жатқан көмегін сынға алған. «Бұдан былай шетелге көмекті тоқтату керек. Әсіресе біз қатысуға болмайтын соғысты қаржыландыруға болмайды. Байден мен оның қылмыскер отбасы Зеленскийге қарыз болуы мүмкін, бірақ Америка оған қарыз емес», – деп салды Пол Энтони Госар. 

5 қазан күні Еуропарламенттің отырысында сөз сөйлеген ирландиялық депутат Клэр Дэйли ханымның сөзі еуропалық сайттарда көп таралды. Еуропарламент жиналысында Украинаға қару-жарақ беру туралы мәселе талқыға түскен. 504 депутаттың ішінен 26 адам қарсылық танытып, 36 депутат қалыс қалыпты. Сөз кезегінде мінбеге шыққан Клэр Дэйли ханым ЕО-ға мүше елдердің Ресейдің жойқын соғысын тоқтату үшін дипломатиялық қадамдар жасаудан бас тартып отырғандығын сынға алды.

 

«Бұл залда ешкім соғысты тоқтату үшін ештеңе істеп жатқан жоқ. Шын мәнінде, адамдардың көпшілігі соғыстың өршіп бара жатқанын жоққа шығаратын сияқты. Мен атысты тоқтатуға, келіссөздерге және бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін ЕО-ты нақты күш-жігер көрсетуге шақырамын. Әрине, дәл осы сәтте, әдеттегідей, соғысқа қарсылық танытқандар қарсы дауыстар шабуылға ұшырап, «сатқындар, қаскөйлер, Путиннің қуыршақтары, Кремльдің итаршылары, ресейлік агенттер» деген секілді қалпақтар кигізілуі мүмкін. Шынын айтсам, бұл өте қайғылы жағдай. Еуроодақ мұндай пікірталастан ұялуы керек. 

 

Еуропалықтар бұл соғыстан ештеңе ұтпайды. Мен Украина үшін қару сұрағандардың ешқашан Палестина немесе Йемен халқы үшін қару сұрамағанын күлкілі деп ойлаймын. Сіздерден айырмашылығым, мен барлық соғысқа қарсымын. Әрі мұндай пікірлерім үшін ешқашан кешірім сұрамаймын да», – деп салды күйінішін жасырмаған депутат.

Дэйлиден бөлек ирландиялық тағы бір депутат  Мик Уоллес бейсенбі күнгі дауыс беруде Еуроодақтың Украинаға қару-жарақ және қаржылай көмек беру шешіміне қарсылық танытқан. Ол Ресейдің Украинадағы агрессиясына қарсы екендігін айта келіп: «Біз Украинаға көбірек қару жеткізу  жақсы идея деп ойламаймыз. Бұл украиналықтар үшін ауыр зардаптар әкелгеннен басқа ештеңе өзгертпейді»,– деді. Еуропа Одағына мүше елдер Ресей ақпан айында басып кіргеннен бері Украинаға миллиардтаған еуро көлемінде әскери көмек көрсеткені белгілі.

 

Халықтың наразылығы

Ресейдің Украинаға жасап отырған шапқыншылығын қатаң айыптаған Еуропа елдері Мәскеуді ауыздықтайтын түрлі санкциялар салып отырғанымен, кей жағдайларда Ресейден ат құйрығын кесісуге батылдары бармайтындығын көрсетіп жатыр. Оның ең басында орыстың газы тұр деуге болады. Қыс жақындаған сайын қарапайым халық «ойына келгенін істейтін орыс» қақаған аязда газ жеткізуді тоқтата салмас па екен деген күдіктерін жасырмайтын секілді. Бұдан бөлек геосаясаттағы ойындардан жалыққан адамдар да ереуілге шыға бастады. 9 қазан күні Берлин көшесіне шыққан адамдар «ең алдымен германиялықтардың жағдайын жасау керек» деген ұранды ортаға тастады. Бұл сөздерді италиялықтар да айтып жатыр. Ал өткен жексенбі күні Париж көшелеріне шыққан ереуілшілер тіпті «Франция НАТО-дан шығуы керек» деген талап қойды. Көшеге шыққан мыңдаған молдовалықтар батысшыл Үкіметтің биліктен кетуін талап етіп, жаңадан сайлау өткізу керектігін ашық айтты.

Ресей-Украина тайталасы үлкен соғысқа ұласуы мүмкін бе? | Inbusiness.kz

Еуропаның әрбір қалаларында шерулетіп жатқан адамдардың ойлары да түсінікті болса керек. Ұзаққа созылып бара жатқан соғыстың зардабынан туындап жатқан қиыншылықтардан әбден мезі бола бастаған жұрт саясаткерлерді ең алдымен өз мүдделерін ойлауға шақыра бастады. Оларды «Еуропадағы сыбайлас жемқорлықтың батпағына белуардан батқан Украинадан» гөрі, өз еліндегі бұқараның тұрмыс-тіршілігі көбірек алаңдататыны белгілі еді. Ал мұндай қарсылықтар соғыстың беталысына қалай әсер ететіндігі уақыттың еншісінде...

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 64
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8764
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11392
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9146
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10377