Соғыс салған сыз жүректен өшпейді

Соғыс салған сыз жүректен өшпейді

Қантөгіс, жанжал, оқ атылған жердің барлығында қасірет бар. Бейбіт жатқан елге соғыс салған зардап қаншама. Екінші дүниежүзілік соғыс зардабын Қазақстанның әр ауылы мен әр шаңырағы сезінді. Ондай қасірет қанша жыл өтсе де ұмытылмайды, соғыс салған, жүректің түбінде қалған жара ешқашан жазылмайды…

Осындай қасіретті басынан кешкеннің бірі – жуалылық Ілиясхан Сатаров ақсақал. 82 жастағы ақсақал Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылында тұрады. Бірақ, көңілін байыз таптырмай жүрген, жүрегіне сексен жыл бойы салмақ салған мәселе бар. Оны ойлаған сайын тынысы тарылып, жаны ауырады. Ауыр сынаққа толы балалығы көз алдына келеді.

Ел басына күн туып, ат ауыздығымен су ішкен 1941 жылы басталған сұрапылда барша арқасүйер азамат майданға аттанды. Олардың арасында біз әңгімелеп отырған Ілиясханның әкесі Абылхан да, оның туған інісі Қали да бар еді. Екеуі де майданға аттанып, қайтадан туған жер топырағына оралмады. Әсіресе, қарт солдаттың майданда жасаған ерліктері кейіннен архив деректері арқылы анықталып отыр. Сол деректерге тоқтала кетсек.

Қали Сатаровтың ерлігіне қарап, елін, жерін сүйген шын қайсар әрі патриот азамат болғанын байқауға болады. Ол 1922 жылы Жуалы ауданы, қазіргі Ақтоған ауылында дүниеге келген. 1937 жылы Талапты ауылындағы мектепті бітіріп, сол жылдан «Куйбышев» ұжымшарында комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарған.

1942 жылдың басында қазіргі Түркістан облысы, Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылып, аз ғана дайындықтан өтіп, артынша Ұлы Отан соғысына жіберілген. Майданның алғы шебінде жүріп, жаудың алты сарбазын жойып, ДЗОТ-ын жарған. Жаудың 11 сарбазын тұтқынға алған. Қали 11 немісті аяқ-қолын матап, қолға түсірген. Жас жауынгердің ерлігі мұнымен де шектеліп қалған жоқ. Ол ұрыс алаңында жан-жақтан зымыраған миномет оқтарына қарамастан, қажетті қару-жарақты дер кезінде тиісті жерге жеткізіп отырған. Осылай жасаған батыл қадамдары үшін №1 арнайы танкіге қарсы батальонның №6 жойғыш бригадасының есеп командирінің шенін алған. «Жауынгерлік қызметі үшін» медаліне ұсынылған. Бір ерекшелігі, оқ пен оттың ортасында жүріп, соғыс жылдарында ешқандай жарақат алмаған. 1943 жылдың 5 тамызында Украина КСР- нің Харьков облысы, Волжский ауданында хутор жару кезінде ерлікпен қаза болыпты. Аталған ауданның Снежков селосына жерленген. Бұл деректердің барлығы әскери комиссариат арқылы анықталып, дәлелденген. Бар болғаны 21 жыл ғана ғұмыр кешкен Қали Сатаровтың ерлік жолы осындай.

Майдан шебінде көзсіз ерлік жасаған Қалидың ерлік істері бүгінде өкінішке қарай, ескерусіз қалып келеді. Бұл жөнінде Ілиясхан Сатаров ақсақал үнемі қозғау салып, ізденіп жүр екен. Аудандық «Жаңа өмір» газетіне «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» деген тақырыппен журналист Нұржан Манасұлының да мақаласы шыққан. Ол жазбада да Қалидың ерліктері ескеріліп, Ақтөбе ауылынан ескерткіш орнатылса деген мәселе көтерілген. Аталған мақалада ақсақал: «Соғыс туралы әлі де біржақты пікір айтуға болмайды. Есімдері әлі де ескерілмей жатқан азаматтар бар. «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, менің ағам Қали Сатарұлының ерлігі әлі де ескерусіз қалып келеді. Сол ой мені қатты толғандырады. Олар мынау жарық дүниеден ештеңе көріп үлгерген жоқ. Артында ұрпақ та қалмады. Менің ойым, ағам Қалидың аты өшпесе, ерлігі кейінгі жастарға үлгі болса екен деймін» деп көңілінде жүрген ойды айтқан екен. Ілиясхан Абылханұлы мұнымен де шектелмей, Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевқа да өтініш хат жолдаған. Ол хатта: «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Ақтөбе ауылында тұрамын. ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокза лдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокза лдарға, авто ст анс а ларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ, оларды қайта атау, олардың атауларын транскрипциялау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларының 2-тармағында «Объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясына нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру кезінде мынадай талаптар ескерілуі тиіс» деп 5 талап көрсетілген. Сол талаптардың бесіншісінде «Бір әкімшілік – аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды, бір мәрте ғана беру керек» деп көрсетілген. Осы жоғарыда келтірілген заң талаптарын ескере отырып, өзім тұрып жатқан Ақтөбе ауылының атауын майдангер, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Қали Сатаровтың есімімен атауға ықпал етіп, рұқсат беруіңізді сұраймын. Сізге жеке өзімнің атымнан және отбасымның атынан зор денсаулық, биік абырой, пайымды парасат тілеймін!» деп жазған.

Ақсақалдың әңгімесін өз аузынан естіген Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов: «21 жасында немістің 11 солдатын тұтқынға алу – нағыз ерлік. 21 жасында Отан қорғау жолында 6 фашисті жойып, өмірін қиған», дейді.

Әрине, ел үшін өмірін қиған ерлердің есімі ұмытылмауы тиіс. Жоғарыдағы деректерде айтылғандай, Қали Сатарұлы – өмірі ерлікке толы, нағыз батыр. Отанын қорғау жолында жанын қиды. Мұндай азаматқа лайықты құрмет көрсету – көзі тірілердің парызы.

 

Есет ДОСАЛЫ Жуалы ауданы
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 76
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 77
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 190
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 405
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 368
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 987

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666