Орталық телеграф агенттігі: «Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бұл шешімді «қайтарымсыз» деп атады және ядролық қарусыздандыру бойынша кез келген келіссөздер мүмкіндігін жоққа шығарды. Қабылданған заңда елдің өз қорғанысы үшін алдын ала ядролық соққыны қолдану құқығы да бекітілгені атап өтілді»,– деп хабарлайды. Басылымның жазуынша, Батыстың қатаң санкцияларына қарамастан, Пхеньян 2006-2017 жылдар аралығында алты ядролық сынақ өткізді. Бұған дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 1950-1953 жылдардағы Корей соғысындағы бітімгершілік келісімінің 69 жылдығына арналған іс-шарада сөйлеген сөзінде Оңтүстік Кореяны жойып жіберетінін айтып, сондай-ақ соғысқа дайын екенін мәлімдеген болатын. АҚШ-пен күресуге де дайын екенін жариялады. Солтүстік Корея өкілдері БҰҰ-ның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) арналған конференциясында ешкімнің Пхеньянды ядролық қаруға ие деп айыптауға құқығы жоғын, себебі бұл ел Шартқа қатысушы емес екенін айтқан болатын.