Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаров: 489 мың тонна тұқым себілді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаров:  489 мың тонна тұқым себілді

«Ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында құны 160 миллиард теңге болатын 62 инвестициялық жоба іске асырылады. Сондай-ақ өңірге 430 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр, оның жартысы ауылшаруашылығына бөлінеді. Көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 489 мың тонна тұқым себіліп, 180 мың тонна минералды тыңайтқыш беріледі. Сонымен қатар биыл акционерлер жаңа түтін құбырын салуға және ЖЭО-2 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеуден өткізуге 6 миллиард теңге бөледі. 1,1 миллиард теңгеге 7,2 шақырым жылу желілерін жөндеу және қайта жаңарту жоспарланып отыр. Өңірде 650 шақырым жол жөнделіп, 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. 16 мыңнан астам адам тұратын 22 ауылды сумен қамтамасыз ету ісі жақсартылды», – дей келіп, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында мектептер мен медициналық мекемелердің құрылысы туралы ақпаратты жеке ұсынды.

 

Ермек Сахариев
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1019
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7066
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10915
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7134
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7277