Шомылу кезінде сақ болайық!

Шомылу кезінде сақ болайық!

Биылғы маусым айы қатты ыстық болды. Мамырда күн күркіреп, екі күннің бірінде нөсер жауын жауғанмен, бұл айда көп тамбады. Осы кезеңде үлкендер еңбек демалысына, ал жастар каникулға шығады. Аптап ыстықтан шаршаған жұрт салқындау үшін әдетте көлге, өзенге, бассейндерге барады. Олардың жағалауда жатып күнге қыздырынып, демалып, салқын суға шомылып, жанға жайлы демалыс іздейтіні анық. Әдетте адамдардың суда қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтамауы, жас балалардың суға шомыла білмеуі, ересектердің мас күйінде суға түсуі үлкен қайғы мен өкінішке әкеліп жатады. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жандар тек өздерінің ғана емес, туыстары мен жақындарының да өміріне қауіп төндіреді. Кейінгі кездері жас балалардың суға кету фактілері жиілеп кетті. Осыған байланысты шомылуға барған кезде төтенше жағдайлардан сақ болу мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері: - Тек рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз. - Шомылатын орынға тыйым салынбағанын тексеріңіз. - Шомылатын орынның тереңдігін біліп алыңыз. - Тамақтанып болғаннан соң бірден суға беттемеңіз. - Еш уақытта қараңғы уақытта және масайған күйінде шомылмаңыз. - Егер жалғыз шомылсаңыз, жақсылап ой таразысына салыңыз, төтенше жағдай бола қалса, сізге кім көмектесетінін ойлаңыз. - Тым ұзақ шомылмаңыз, тоңып қалуға дейін жеткізбеңіз, аяқ-қолыңыздың тырыспауын қадағалаңыз; - Қоршау белгілерінен алыстап кетпеңіз. - Шомылу кезінде судың суық болмауын байқаңыз. Себебі, суық суда тоңудың әсерінен өлім саны көп болады. Суық суға түскен адам 10-30 минутта суық өтіп қайтыс болады. Организмнің тез салқындауы ашыққан кезде, тым тойынған кезде, шаршаған кезде және адамның мас күйінде болады. - Балаларға көңіл бөліңіз, үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырмаңыз, шомыла білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз. Қосымша тыйымдарға тоқтала кетсек: - Кемеге жақын жүзуге болмайды. - Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды. - Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, мұндай жағдайда адам есінен танып қалуы мүмкін. - Суға кірер алдында шайынып алу керек. - Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды. - Суда қауіпті ойындарды ойнауға болмайды, себебі суға тұншығу қаупі зор. Құтқару ережелері Су – тілсіз жау. Ол адам өмірін бір сәтте-ақ жалмап кетеді. Алайда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету мүмкіндігі бар екенін естен шығармау керек. Сол мүмкіндікті жіберіп алмауымыз аса маңызды. - Суға батқан кездегі көрсетілер алғашқы көмек – зардап шегушіні судан шығарып алу. Тыныс жолдарын судан тазартқан жөн. Сосын құтқарушы зардап шегушіні бүгілген тізесіне ішімен жатқызып, оның кеуде тұсын қысып, арқа жағынан қағып, суды шығару керек. Егер адам есін жоғалтпаса, оған ыстық су беріп, денесін құрғатып, жылы жерге апарып жатқызу қажет. Өкінішке орай, көбі ессіз болып жатады. Суға батқан адамды жағалаудағы тегіс жерге жатқызып, ауыз қуысын тазалап алу қажет. Ауыз қуысында лай, балшық, протез, ас қалдықтары болуы мүмкін. Ол үшін екі саусақты орамалмен орап, ауыздағы заттарды шығарып, дұрыстап тазалап алады. Зардап шегуші есін жинамаса, оның жағдайын үш белгіге қарап, анықтап білуімізге болады: көз қарашығының жарыққа әсер етпеуі, пульстың анықталмауы, тыныс алмауы. Осы кезде дереу дәрігердің көмегіне жүгінген абзал. - Суға түскен кезде сіңірдің тартылып қалу қаупі бар. Бұл кезде қорқыныш-үрейге жол бермей, судан тезірек шығу үшін бар күш-жігерді жұмсау керек. Сіңір бірнеше себептен тартылып қалады. Алғашқысы – адамның суық суда жүзуі және ұзақ уақыт бойы суда болуы. Сондай-ақ дене шынықпаған жағдайда да сіңір тартылып қалады. Бұлшықет ұзақ жүзу салдарынан шаршап қалжырайды. Осы уақытта жүзу түрін өзгерту және мүмкіндігінше судан тез шығу қажет. Жағаға шыққан соң тартылған бұлшықетті міндетті түрде уқалаған жөн. Егер саусақ бұлшықеттері тартылса, онда саусақтарды жиі әрі жылдам ашып-жабу арқылы бұлшықеттерді босаңсытуға болады. Егер аяқ бұлшықеттері тартылса, онда арқаға жатып, қол арқылы жүзу қажет. Ал егер қол тартылса, аяқпен жұмыс жасау керек. - Инфекция жұқтыру қаупі бар. Халық жиі шомылатын жағажайларда, өзен-көлдерде инфекция жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеген абзал. Адамдар лас жағажайларда ішек инфекцияларын, тері ауруларын қоздыратын инфекцияларды жұқтырып алуы мүмкін. Олар: лямблиоз, криптоспоридиоз, ротавирустар, дизентерия, холера, сальмонеллез, лептоспироз, гепатит А вирустары. Сондай-ақ ферма, зауыт, саябақ маңайларында иттер көп серуендейтінін байқаған боларсыз. Олар да суды ластайды. Тіпті суда жүзетін құстардан да паразит, микробтар тарайды. Иісі жағымсыз шығатын су қоймаларына мүлде жоламаған жөн. - Суға батқан адамдардың демалу жолдарына сұйықтық толып қалса демала алмай, тұншығады. Терісі бозарады, беті мен ерні қарайып кетеді, дем алмайды, тамыр соғуы өте әлсіз болып (немесе мүлдем болмайды), аузы мен мұрын қуыстарында көпіршіктер ағады. Осы уақытта зардап шеккен жанды қараусыз қалдыруға болмайды. Кез келген сәтте жүрегі тоқтап қалып немесе бас миы мен өкпесі ісініп кетуі мүмкін. - Зардап шеккен адамға көмек көрсетерде өз қауіпсіздігіңізді де есте ұстаңыз. Сабыр сақтаңыз. Суға кетуші су бетінде болса, онда оны артқы жағынан ұстаған жөн. Ал суға кетсе, судың астынан іздеп, шашынан не қолынан тартып, су бетіне шығару қажет. Өзіңіз не айналадағылардан «Жедел жәрдем», яғни «103- ті» шақыруды өтініңіз. Алғашқы медициналық көмекті 4-5 минут ішінде көрсетіп үлгеру керек.

11.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 29
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 24
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 54
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556