Шорт-трек: Қазақстан – күміс жүлдегер!

Шорт-трек: Қазақстан   – күміс жүлдегер!

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен өткен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрге эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанды.  Құрамында Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша бар қазақстандықтар финалда Италия, Канада және Оңтүстік Корея командаларымен сынға түсті.  Эстафета қорытындысында оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қазақстандықтар екінші, канадалықтар үшінші орынға ие болды. Пенальти алған италиялықтар жарыстан шеттетілді.  Жекелей сында Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта медаль үшін таласуға мүмкіндік беретін А финалына өте алмады. Ол В финалында 2-орынға ие болды. Ал Денис Никиша жартылай финалда пенальти алып, жарыс жолынан шығып қалды.  Әйелдер арасында 3 мың метрлік эстафетада Нидерланд, Канада және Италия қыздары үздік үштікке ілікті.  Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогінің Монреаль кезеңіне қатысқан жоқ.  Әлем кубогінің келесі кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді. Сондай-ақ желтоқсан айында Алматы қаласына да кезек тиеді.

 

Ермек Сахариев
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 49
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 45
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 50
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 46

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25129
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24648
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42073
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37934
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42406