Сот қаңтар оқиғасының 9 қатысушысына үкім шығарды

Сот қаңтар оқиғасының 9 қатысушысына үкім шығарды
Тараз қаласының №2 сотында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысу, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақыруға, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру (ҚК-нің 272-б. 1,2,3-б., 287-б. 3-б.) бойынша айыпталған 9 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сотпен не анықталды:
Енгізілген шектеулер мен төтенше жағдай режиміне қарамастан, Б., Т., Е., К., Б., Р., Д., К., О. 2022 жылғы қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні өздерінің қоғамға қауіпті іс-әрекеттерін ұғына отырып, қирату, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын қолданумен, содай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға, жаппай тәртіпсіздік жасауға шақырып, оқ-дәрiлердi заңсыз иемденіп, сақтаған, тасымалдаған және алып жүрген ( ҚК-нің  272-б. 2,3-б., 287-б. 3-б.).
 
Сотталушылардың кінәсі оқиға куәгерлерінің айғақтарымен, бейнежазбалармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен өзінің объективті дәлелін тапты.
 
Сот шешімі:
Сотталушылардың әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады және оларды жасағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
 
Сотталушыларға жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде — жас балаларының болуын және тұрғылықты жері бойынша оң мінезделуін таныды.
 
Ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалуы, сондай-ақ Б.-да қылмыстардың қауіпті қайталануын таныды.
Жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, Б.-ға ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, әрекетінде рецидив болуына байланысты жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеуге тағайындалды.
 
Т.-ға ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, «Рақымшылық туралы» Заңының қолданылуына байланысты  сот залынан босатылды;
 
К. мен Е.-ге ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды. «Рақымшылық туралы» Заңының қолданылуына байланысты жаза мерзімі ¾-ке қысқартылып,  жаза мерзімінің өтелуіне байланысты К.- сот залынан босатылды, ал Е.-ге шартты түрде 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
Сот үкімімен қайтыс болуларына байланысты жаза тағайындалмайД., К., О., Р. ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, Б. ҚК-нің 287-б. 3-б. бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау мен алып жүру бойынша кінәлі деп танылды.
ҚК-нің 272-б. 1-б. бойынша Т.-ның, ҚК-нің 287-б. 3-б. бойынша Р.-ның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚПК-нің 35.-б. 1-б. 2-т. негізінде ақталды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі
07.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 162
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 482
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 445

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9143
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11770
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750