Сот қарызы барларға жеңілдік жасауы мүмкін

Сот қарызы барларға жеңілдік жасауы мүмкін

Биыл сот орындаушыларының қатысуымен бірнеше шу шықты. Тіпті, адам өлімі де тіркелді. Аталған мәселелерге баға беріп, үкімет басшысына өз ұсыныстарын айтқан депутат Ләззат Сүлеймен: – «Осы жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін республиканың әкімшілік соттарына 7 мыңнан астам іс қозғалған болса, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану бойынша 2 338 талап-арыз түскен.  Жеке мүлікті тәркілеу мәселесінде де сот орындаушылары нысананың қақ ортасында жүреді. Электронды сауда-саттықтың қаншалықты заңды өткізілетінін тексеріп шыққан Бас прокуратура аукционға шығарылған мүліктің 78 пайызын банктер сатып алғанын мәлімдеген. Осыған байланысты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау үшін бірнеше ұсынысымыз бар. Біріншіден, борышкер келісімшарт талаптарын орындай алмаса, қаржылық жағдайы жақсарғанша қарызды төлеу мерзімін шегерудің ыңғайлы мүмкіндігін беру мәселесін қарастырған жөн. Екіншіден, кепілге салынған мүлікті бағалау кезінде инфляция деңгейін ескеру керек. Үшіншіден, жалғыз баспанадан шығарылатын азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін реттеу қажет. Төртіншіден, кепілге салынған мүлікті пайдалану құқығын сақтау мен жалдамалы баспана беруді қарастырған дұрыс», – деп, заңнаманы жетілдіру жөнінде шара қабылдауды ұсынды.  

 

Ермек САХАРИЕВ
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5978
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6120
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21096
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19724
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23195