Спорт бапкерлерінің жалақысы көтеріледі

Спорт бапкерлерінің жалақысы көтеріледі

      ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша қателікпен сапалы жұмыс істеу маңызды деп санаймыз. Бұл мәселе комитеттің бас ассамблеясының бүгінгі отырысында талқыланады. Екіншіден, Ұлттық олимпиада комитетінен дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын өзектілендіруге белсенді қатысуды сұраймын. Сіздердің мол тәжірибеңіз сапалы жоспар дайындауға көмектесетініне сенімдімін. Мемлекеттік органдар мен спорт қауымдастықтарының өкілдері сапынан жұмыс тобын құруды ұсынамын. Бүгінде бапкерлер даярлау ісі өзекті болып тұр. Ұлттық олимпиада комитеті Мәдениет және спорт министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жоғары оқу орындарында жаңа білім бағдарламаларын дайындауға атсалысуы керек. Сондай-ақ, министрлікке бапкерлерді қолдау, оның ішінде еңбекақысын көтеру бойынша ұсыныс дайындау керек. Төртіншіден, алдағы Бейжің қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында спортшыларымыздың табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені жуықта Үкіметте талқылағанбыз. Федерация басшыларымен бұл жөнінде жеке кездесу өткіземіз», — деді.

Ермек Сахариев
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5836
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5977
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20951
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19580
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23049