Спорт кешенінде жаңа зал

Спорт кешенінде  жаңа зал

Орал қаласындағы отбасылық спорт кешенінде жаңа фитнес залы ашылып, бұл дене шынықтырумен белсенді айналысатын қала тұрғындары үшін жақсы мүмкіндік болды.  

Соңғы үлгідегі жаттығу құрылымдарымен жабдықталған фитнес орталығы «Omega sports» кешенінде орналасқан. Залдың ашылуына арналған салтанатты іс-шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қатысып, спортты серік еткен тұрғындарды құттықтады. 

– Мемлекет тарапынан бұқаралық спорттың  дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Биылдың  өзінде 20 спорттық  алаң пайдалануға беріліп отыр. Кәсіпкерлеріміз де бұл бағытта қолдау көрсетуде. Қазіргі уақытта  облыс орталығының әр аумағында спорт нысандары жұмыс жасап тұр. Яғни  тұрғындарға қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Жас ұрпақтың спортпен шұғылдануына бар мүмкіндік жасалуда, – деген Ерлан Ерсайынұлы оралдықтарға керемет сый жасаған кәсіпкерлерге алғысын жеткізді.    

«Omega sports» – отбасылық спорт кешені. Мұнда екі айлық сәбиден бастап, ересектер мен егде жастағылар үшін де жаттығу түрлері  ұйымдастырылған. Жыл басында пайдалануға берілген кешенде футбол алаңы мен бассейн және жаттығу залдары жұмыс жасайды. Аумағы 3000 шаршы метрлік  кешен бүгінгі күні толығымен жұмыс жасауға көшті. Ал жаңа ашылған фитнес орталық екі залдан тұрады. Төменгі қабатта орналасқан 600 шаршы метрлік залға соңғы үлгідегі жаттығу құрылымдары қойылған. Ал екінші қабатта аэробты зал бар. Спорт кешенінің директоры Венера Борашеваның айтуынша, күш жаттығулары жүргізілетіндіктен, фитнес орталыққа 16 жастан асқандарға ғана кіруге рұқсат етіледі. 

– Кешенді ашу кезінде отбасылық орталық құруды мақсат еттік. Әр адамға өздеріне қажетті жаттығуды таңдай алуына мүмкіндік жасадық. Олар жекелей жаттықтырушылармен жұмыс жасай алады. Мүмкіндігі шектеулі  балалармен жұмыс жасайтын «Бәйтерек» бірлестігімен келісімшартымыз бар. Олар бізге балаларын әкеліп, жеңілдікпен жаттығуларға қатыстырады, – дейді кешен басшысы. 

Фитнес залда әзірге алты жаттықтырушы жұмыс жасайды. Болашақта олардың санын көбейту жоспарда бар. Қазіргі уақытта кешенде отыз шақты азамат жұмыспен қамтылып отыр.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 114
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 127
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 586
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 529

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8631
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11857
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9628
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10840