Спорттық алаңда – мемлекеттік қызметкерлер

Спорттық алаңда –   мемлекеттік   қызметкерлер

Орал қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Соның бірі – мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Салауатты өмір салты – ғасыр ұраны» атты қалалық спартакиада. Спорттық шараның ашылу салтанатына Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е.Қалиев, Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Тұрмағамбетов, Зашаған кентінің әкімі А.Әубекеров, Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Исанов, жарыстың бас төрешісі, «Орал» спорт клубының директоры О.Гилымов қатысты. Құттықтау сөз алған қонақтар командаларға сәттілік тіледі. 

Бұл турнирге «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы», «Құрылысшы», «Әкім аппараты және мәслихат», «Әлеуметтік блог» командалары қатысып, өзара сайысқа түсуде. Жарыстың алғашқы күнінде футзалдан «ТҮКШ» командасы жеңіске жетсе, шахматтан «Әлеуметтік блог» ойыншылары басқалардан басым түсті. Ал үстел теннисінде қалалық әкім аппараты және мәслихат қызметкерлері үздік ойын көрсетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі алдағы ақпан айының 7-жұлдызында қаладағы демалыс орындарының бірі – «Арқанды саябақта» өтетін болады.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

БҚО, Орал қаласы

23.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 42
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 42
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 46
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 41

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25124
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24645
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42069
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37931
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42401