ШҚО-да «Рухты теңдік» фестивалінің үздіктері марапатталды

ШҚО-да «Рухты теңдік» фестивалінің үздіктері марапатталды

 

🔹Бүгін әлем бойынша ерекше қажеттіліктері бар жандарға құрмет көрсетілетін күн. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысында «Рухты теңдік» инклюзивті фестивалі өтті. Оны Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана мен облыстық филармония ШҚО Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.

Фестивальге Өскемен қаласы, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Катонқарағай, Тарбағатай, Күршім және Үлкен Нарын аудандарынан әр жастағы шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысты. 

🔹Филармония фойесінде қатысушылардың түрлі қолөнер бұйымдары, суреттері қойылса, сахнада әуелетіп ән шырқалып, нақышына келтіріліп өлең оқылды. 

Ал марапаттау рәсімін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өткізді. 

«Баға жетпес мәдени мұрамызды зерттеу, сақтау, насихаттау және молайту - бәріміздің ортақ әрі аса маңызды міндетіміз. Әсіресе ерекше қажеттіліктері бар талантты да шығармашыл жандардың өнері, еңбегі мен жігері айналасындағыларға шабыт беріп, мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосып отырғанын ерекше атап өткім келеді.​ Барлық қатысушыларға толағай табыс, жаңа жетістіктер, шалқар шабыт пен өз күштеріңізге деген сенім тілеймін»

, - деді аймақ басшысы.

Фестиваль қорытындысында вокал бойынша Айболат Құнапиев (Күршім ауданы) жеңімпаз атанса, аспаппен өнер көрсетуде құрамында Радмир Видахмет, Саянат Асарова,

Досым Кенжебек және Айдын Мұхамеджанов бар ансамбль (Өскемен қаласы) үздік деп танылды. Авторлық шығармашылық номинациясында Татьяна Медведева (Өскемен қаласы), бейнелеу өнері бойынша Станислав Савинов (Өскемен қаласы) қолданбалы өнерде  Зульфира Ерқасымова (Үлкен Нарын ауданы) жеңімпаз болды. Басқа да қатысушыларға Алғыс хаттар мен демеушілер атынан қаржылай сыйлықтар берілді.

Тәттімбек Асханұлы 

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің 

ШҚО бойынша меншікті тілшісі

 

03.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 322
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 325
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 298

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20617
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20407
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35507
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34080
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37944