ШҚО -да уақытша орналастыратын пункттер дайын

ШҚО -да уақытша орналастыратын пункттер дайын

Өскемендегі Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жайлы сөз етілді. ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, облыстық маңызы бар тасжолдарда 1634 су өткізу құбыры мен 90 көпір бар.

«Су тасқынын болдырмау үшін тасжолдардағы су өткізу құбырларын мұздан тазарту жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Үлкен-Нарын-Күршім», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Васильевка-Бозанбай», «Алғабас-Тарғын», «Октябрь өткелі-Алтайка-Ново-Хайрузовка», «Алтайка-Чапаево» «Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралиха» жолдары. Су өткізгіш құбырлардағы мұзға қарсы қолданылатын 30 тонна техникалық тұз сатып алынды», – деді ол. Құтқарушылардың су тасқынына дайындығы туралы ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дина Бексұлтанова айтып берді. Өңір бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен төтенше жағдай кезінде 17 мыңнан астам адамды уақытша орналастыруға болатын 153 пункт әзірленді.

Қазақстан дәуірі
07.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4986
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5151
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20107
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18752
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22208