ШҚО және Абай облыстарына қандай аудандар беріледі?

ШҚО және Абай облыстарына қандай аудандар беріледі?

Жаңадан құрылатын Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысына қандай аудандар берілетіні мәлім болды. Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында айтылды. Сонымен Тарбағатай ауданының құрамынан Ақсуат және Тарбағатай аудандары, Көкпекті ауданының құрамынан Самар және Көкпекті аудандары бөлініп шықпақ. Жаңадан құрылатын Абай облысына 2 қала (Семей, Курчатов), 8 аудан (Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар), Шығыс Қазақстан облысына 2 қала (Өскемен, Риддер), 9 аудан (Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай) берілмек. Абай облысының аумағы – 185,5 мың шаршы метр, халық саны – 638,3 мың адам. Шығыс Қазақстан облысының аумағы – 97,8 мың шаршы метр, халық саны – 717,6 мың адам. Бүгін облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдаған бұл ұсыныс Үкіметке жолданады. 

Тәттімбек АСХАН, Шығыс Қазақстан облысы
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5332
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5490
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20457
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19088
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22550