Студенттердің ой-пікірлерін тыңдады

Студенттердің ой-пікірлерін тыңдады

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Снежанна Имашева мен Аветик Амирханян келді. Депутаттар белсенді студенттермен кездесіп, еркін форматта пікірлесті.

Батыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келіп, жоғары оқу орнына арнайы ат басын бұрған Мәжілісмендер алдымен Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтің қабылдауында болды.

Оқу орнының коворкинг-орталығында ұйымдастырылған кездесуді тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов жүргізді. Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат Аветик Амирханян: – Мен Жәңгір хан университетімен бұрыннан жақсы таныспын. Бұл – еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі. Сіздердің көптеген студенттеріңіз біздің Оралдағы құрылыс компаниясында тәжірибеден өтті. Сондықтан бүгін сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Ел болашағына сіздердің де қосар үлестеріңіз зор. Отыз жылдық тарихы бар тәуелсіз Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Өмір бір орында тұрмайды, алдағы уақытта да жақсы өзгерістер болады, – деп, әңгімені елдегі бүгінгі ахуалдан бастады. Мәжіліс депутаты жыл басында орын алған «Қаңтар оқиғасы», оның елімізге тигізген зардабы туралы айтып өтіп, жастарды осындай ел ішіне іріткі салатын қақтығыстардан сақ болуға, теріс пиғылды арандатушылардың арбауына түспеуге шақырды. Өздерінің жұмыс сапарларының мақсатынан да хабардар етті.

Жастармен жүздесу, олардың ой-пікірін білу маңызды екенін жеткізген жерлесіміз Снежанна Имашева «Жаңа Қазақстанды» құратын жас буыннан үлкен үміт күтетінін айтты. «Жоғары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу адам өз Отанына ешқашан қастық ойламайды. Солардың бірі – сіздер секілді білімді, талапты жастар» деді депутат.

Университеттің белсенді білім алушыларының атынан сөз алған студенттік ректор Омархан Нияз өздерімен кездесуге келген мәжілісмендерге алғыс білдірді. Бұдан әрі студенттер меймандарға сауалдарын жолдады. Олар «Қазақстан халқына» қорын құрудағы мақсат-міндеттер, еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, байланыс операторларының тарифтері мен азық-түлік бағасының тұрақсыздығы, студенттер шәкіртақысының мамандықтарға байланысты әр түрлі мөлшерде төленуі сынды мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін жеткізді. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9164
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11789
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769