Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Л.Қ.Ілебаев Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттерімен кездесті. Институт проректоры А.С.Қадырова кездесудің студенттер үшін маңыздылығын атап өтіп, оларды белсенді түрде пікір алмасуға шақырды. Л.Қ.Ілебаев мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылатындығын атап өтті. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет саласында соңғы жылдары орын алып жатқан оң өзгерістер мен жаңашылдықтар жөнінде кеңінен ақпарат бере отырып, студенттердің сұраныстарына қарай келесі мәселелерге жекелей тоқталып өтті:- Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін мемлекеттік қызметке кірудің тәртібі мен рәсімдері түсіндірілді. Бұл ретте, мемлекеттік грант¬пен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектердің аудандар мен ауылдық округтерде төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалу мүмкіндігі туралы тың ақпарат берілді. - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметте жұмыс жасау мүмкіндіктері мен жас мемлекеттік қызметшілерге көрсетілетін материалдық қолдау шаралары түсіндірілді.- Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі негізделетін адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық қағидаттарына, оның ішінде клиентке бағдарлану қағидатының мән-мағынасы бойынша түсіндірме берілді. - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары білімнен кейінгі білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Институттың Экономика және бизнес факультетінің деканы Ж.А.Қуатбеков ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы және Институттың арасында 2021 жылы жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандумның аясында нәтижелі жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Жиынды қорытындылай келе, Л.Қ.Ілебаев студенттерге алғыс айтып, толағай табыстарға жетуді тіледі.