СУ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ – КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕ

СУ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ – КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі С.Арубаевтың қатысуымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңінің басталуына байланысты суландыру жүйесі мен гидротехникалық құрылғыларды дайындаудың барысы талқыланды.
Басқосу барысында “Тасөткел су қоймасы” өндірістік бөлімшесінің басшысы Н.Кирбаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев өндірістік бөлімшенің атқарған жұмыстарына қатысты бірқатар сын-ескертпелерін жеткізді. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері аудандағы каналдардың тазалығын сынға алып, ондағы мәселелерді шешу мақсатында өз ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында кеңес мүшелері ағын суды дер кезінде жіберу, “Тасөткел су қоймасындағы судың көлемін анықтап, топотүсірілім жұмыстарын жүргізу, жерасты суларының деңгейін төмендету мақсатында дренаждық ұңғымаларды ретке келтіруге қатысты ұсынымдарды қабылдады.
 
 
Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
15.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 233
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 168
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 173

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26828
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26259
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43648
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39429
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44043