КТК арнасы: «Қазақстанда сүтпен бірге сары май, ірімшік, сүзбе қымбаттаған. Алматыда шенеуніктер тұрақтылық қоры арқылы бағаны ұстауға тырысуда. Дегенмен кәсіпкерлер ірі желілерге берілетін жеңілдетілген несие мәселені шеше алмайтынына сенімді. Олар отандық өндірушілерді қолдауды сұрады. Сөздерінше, дайын өнімді субсидиялауды қолға алмаса, сүт зауыттары жабылып қалуы мүмкін», – деп хабарлайды.