Шуда өткен шырайлы кездесулер

Шуда өткен шырайлы кездесулер

«Qazaqstan dauiri» газетінің басшысы, Ел анасы Сәуле Мешітбайқызының Жамбыл жеріндегі сапары Мойынқұмнан шыққан соң Шу ауданында жалғасты.

Мұндағы кездесуіміз «Amanat» партиясы аудандық филиалы ғимаратын аралаудан басталды. 

Естеріңізде болса Қаңтар оқиғасы кезінде партия филиалының ғимараты да отқа оранған болатын. Алайда өрт сөндірушілерінің жедел әрекетінің арқасында ғимараттың толық жанып кетуіне жол берілмеді. 

Құрылысшылар да аз ғана уақыттың ішінде партия ғимаратын қайта қалпына келтіріп берген еді. 

Бізді партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Болат Ниязбеков қарсы алып, ғимарат ішін көрсетті.

Филиал ұжымымен болған кездесуде Б.Ниязбеков партияның ауданда атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар етті. 

Мұнда Сәуле Мешітбайқызы сапарының мақсаты жайлы айтып өтіп, алдағы референдумға бір кісідей атсалу керектігімізді де баса айтты. 

Ал аудан әкімдігінде болған кездесуде аудан басшысы Сәкен Арубаев өзінің жаңадан тағайындалған орынбасары Бауыржан Батиханұлымен және бірқатар бөлім басшыларымен  таныстырды. Б.Батиханұлы бұған дейін университетте проректор, Президент әкімшілігінде, Елбасы кеңсесінде жауапты қызметтерде болып, туған өлкесіне қызмет қылуға келіп отыр екен. 

Өз кезегінде сөз алған С.Мешітбайқызы мұндай қадамның үлкен азаматтық екенін айтып өтті. 

— Бауыржанның, сондай-ақ білім бөлімі басшысының сонау үлкен қаланы тастап, елге келгені мені қатты қуантып отыр. Бірің Алматыдан, бірің елордадан келіпсіңдер. Біз ырымшыл халықпыз ғой. Бұл өзгерістерді жақсылыққа жорып отырмын. Туған жерге аяқ басқан қадамдарыңызға құт бітсін, — деді С.Мешітбайқызы.

Сондай-ақ Сәуле Мешітбайқызы биыл халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің 30, «Мөлдір бұлақ» балалар журналының 20 жылдық мерейлі жасы келіп отырғанын айтып өтті. 

Аудан көлемінде болып жатқан жақсы жаңалықтарды «Qazaqstan dauiri» газеті редакциясы жолдап отырудың екі жаққа да пайдалы іс екенін, әсіресе газет одан аянып қалмайтынын сөз етті. 

Одан бөлек білім саласындағы кейбір жан ауыртқан түйткілді мәселелерге де тоқталды. Жуырда Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовпен кездесіп, сұхбат құрып, елдің көкейінде жүрген білім беру жүйесіне қатысты біраз жайтты жеткізгенін айтты. 

Кездесу барысында аудан басшысы да, С.Мешітбайқызы да референдумның елге берер басымдықтары мен тиімді тұстарын атап өтті. 

Жалпы, Шу ауданында болған  сапарымыз көкейдегідей өтті. 

Ол жөнінде толыққанды ақпаратты газет арқылы алдағы номерімізде жеткізбекпіз.

 

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
21.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 194
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 188
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 697
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 820
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 733

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8888
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8283
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11511
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9267
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10495