Шуда жүйелі жұмыс бар

Шуда  жүйелі жұмыс бар
Ауданға қарасты елді мекендерді аралап, жергілікті халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру - алдағы жұмысты жүйелеуге тікелей сеп болатыны сөзсіз. Сондықтан да ауылдағы ағайынмен кездесу үрдісі жалғаса беретін болады.Мәселен, күні кеше аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков бірнеше ауылдың тұрғындарымен кездесіп, сан сауалдарға жауап берді. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Ақтөбе ауылдық округіндегі басқосуда тұрғындар ағын су мен білім ошағына, балабақша мен медициналық пункттің материалдық жарақтандырылуына қатысты түйткілдерді көтерді.
Айта кету керек, аталған ауыл тұрғындарымен ағымдағы жылдың басында кездесіп, талап-тілектерін тыңдаған болатын. Онда ауылдықтар көше жолдарын ретке келтіру мен жарықтандыру мәселесін көтерген еді. Тұрғындар тілегі ескеріліп, Ақтөбе ауылына биыл аудан әкімдігі тарапынан бір көшеге асфальт төселсе, енді бір көше толығымен жарықтандырылды.
Кездесу барысында айтылған мәселенің басым бөлігі тұтас ауылға ортақ түйткіл болса, одан бөлек жеке мәселелері бойынша қайырылған тұрғындар да болды. Көтерілген сауалдардың барлығы да назарға алынды. Тиісті жұмыстар атқарылғанда ауыл халқын міндетті түрде құлақтандыратын болады.
Шу ауданы әкімдігі
22.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5003
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5169
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20124
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18769
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22225