Судьялардың семинар-кеңесі өтті

 Судьялардың семинар-кеңесі өтті

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков азаматтардың банкроттығы мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Іс-шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың азаматтық істерді қарайтын судьялары (бейнеконференц байланыс арқылы) қатысты. Сондай-ақ, осы мәселелерді талқылау үшін кездесуге облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері шақырылды. Алқа төрағасы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес, 2023 жылдың 3 наурызынан бастап жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрі – соттан тыс, сот арқылы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру қолданылатынын атап өтті. «Осы заң аясында борышкер процеске өтініш беру арқылы ғана қатыса алады», – деп атап өтті Жомарт Рүстембеков.  Талқылау барысында мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары М.Сисембаева аталған заң азаматтарға кредиторлар алдындағы қарыздарын толығымен өтеуге және қаржылық проблемалардан шығуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу барысында спикер заңның негізгі ережелерін және банкроттықтан кейін туындайтын салдарын түсіндіріп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Осы күні облыс бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Г.Турдыева да облыс соттарының мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізді. Ол қазіргі заманауи жағдайда мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттеріне тиімді қызмет ету және қол жеткізу мемлекеттік қызметшілердің белсенді қатысуынсыз мүмкін еместігін атап өтті.  Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Ф.Ешенқұлова қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі туралы айтып берді. Спикер мемлекеттік қызметшілердің қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі аспектісі лауазымдық міндеттердің орындалуын және мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін көрсететін индикаторлардың объективті және кешенді жүйесі болып табылатынын атап өтті. Семинар барысында талдау және жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Алменова азаматтардың өтініштері бойынша өзекті мәселелер туралы айтып, шағымдар мен өтініштерді тіркеу, есепке алу және қарау тәртібін, сондай-ақ, олардың толықтығы мен уақтылы шешілуіне қойылатын талаптарды түсіндірді. 

Жамбыл облыстық соттың баспасөз қызметі.
03.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 139
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 140
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 105
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 249
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 464
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 426

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9126
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8522
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11750
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9518
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10731