Сұлулық салондарына қандай санитариялық талаптар қойылады?

Сұлулық салондарына қандай санитариялық талаптар қойылады?

       Сән салондары мен шаштараз нысандары коммуналдық мақсаттағы объектілер қатарына жатады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi “Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-67 бұйрығында халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, яғни нысандардың орналасу тәртібінен бастап, қандай құрылғылармен жабдықталу қажеттілігі, жұмыскерлердіңжұмыс істеу қағидалары және т.б көрсетілген. Халықтың сұранысына сәйкес, түрлі сұлулық салондарының да саны күн санап артып келеді. Алайда, осы кәсіпкерлік нысандарына, шаштараздар мен косметологиялық кабинеттерге қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды білесіз бе? Ендеше, бірқатар маңызды қағидаларға назар аударыңыз.

Сұлулық салондары мен шаштараз қызметкерлері төменде көрсетілген жеке бас гигиенасын сақтауы керек: Клиентке қызмет көрсеткенге дейін және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу, қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделері мен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптарымен жұмыс жасау қажет. Шаш бояуды қолғаптармен жүргізу; Жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу; Арнайы киіммен жұмыс жасау; Жеке және арнайы киімді бөлек сақтау қағидасын сақтау қажет.  Әрбір сұлулық салоны мен шаштараз нысанында төмендегідей қағидалар сақталуы тиіс: Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және шаш, тырнақ, тері күтіміне арналған құралдарды пайдалану өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады. Ерлер және әйелдер залдарында қол жууға және келушілердің басын жууға арналған раковиналар жеке-жеке жабдықталуы тиіс; Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемi және құрылымы бойынша олардың жасына және бойына сәйкес болуы керек; Косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталуы қажет;Әрбір келушiлердің дербес қолдануы үшін таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) ұсынылуы қажет;  Әсемдеу косметикасын жағу үшiн бiр рет қолданылатын құралдар пайдаланылады. Қарындаштар әрбiр клиенттен кейiн ұшталады немесе кесiледi, тушь, тень және опа бiр рет қолданылатын кистілер мен жағылады. Косметикалық рәсімдер үшін бір рет қолданылатын мақта дискілер және спонждар пайдаланылады. Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуу, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар зарарсыздандырғышқа немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салу керек. Педикюр  жастықшасы әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiмен сүртіліп, аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң дезинфекциялануы керек;
Құралдарды зарарсыздандыру үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтары бар жабдықтар, аппаратуралар және материалдар пайдаланылады. Сонымен қатар сұлулық салонының қызметкерлері жұмысқа орналасар алдында міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтуі тиіс, көпшілікпен жұмыс жасауға рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалар жұмыс орындарында сақталады. Терi қабатының тұтастығын бұзу арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жылына 1 рет В және С вирусты гепатит маркерлеріне тексерiледi. Парентералдық гепатиттің және адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда қорғаныш заттарымен (саусаққа кигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлердің клиенттермен жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ахметова Салтанат Куанышбекқызы.

 

Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Шбекбаева Бакытгуль Заманбекқызы.

 

01.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 199
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 35
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 214
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 231
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 202
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 197
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 221
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 210
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10495
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9475
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12711
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11681
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16693