ШУЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚОРДАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ШУЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚОРДАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Жалпы қай өңірде болмасын кәсіпкерлік саласын дамытпай, жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкін емес. Сол себепті де, ең алдымен жеке кәсіпке бет бұруға ниетті тұрғындарға жол көрсетіп, бағыт беруіміз қажет.
Осы мақсатта бүгін көршілес Қордай ауданындағы «ECO Chicken» модульді құс фермасында болдық. Кез келген нәрсені көзбен көріп, қолмен ұстағанда ғана сенім пайда болып, нақты нәтиже берері анық. Сондықтан да бұл кездесуге ауданымыздағы ауыл әкімдері мен әр ауылдағы шаруа қожалық жетекшілерін арнайы алып келдік. Бұл бір шетінен тәжірибе алмасу болса, екіншіден шаруалардың кәсіп бастауына үлкен мүмкіндік тудырып отыр.
Өйткені Қордайдағы іргелі құс фермасының басшылығы дәл осы кәсіппен айналысамын деген шаруаларға қолдау білдіріп, түрлі жеңілдіктер қарастырмақ. Мәселен, жеке кәсіпкер 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, құс фермасына қажетті инфрақұрылымды жасап, келісімшартқа отырса, «ECO Chicken» құс фермасының өкілдері 1600 бас етті балапанды өздері жеткізіп береді. Сондай-ақ, балапандарды емдеуге, дәрі-дәрмек алуға, тамақтандыруға қажетті шығынды да өздері өтеп береді. Оған қоса, балапандар ет жинап, дайын болған кезінде өздері сатып алады. Тұтастай алғанда, шаруалардың міндеті - балапанды баптап, бағып беру ғана.
Бұдан бөлек, жыл сайын Қордай ауданындағы дүнген ағайындар ауданымызға келіп, пияз егумен айналысады. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбектің қатысуымен Масаншы ауылындағы жергілікті дүнген ұлтының өкілдерімен кездесіп, пиязға қосымша қант қызылшасын егу туралы ұсынысымызды жеткіздік. Бұл ретте, қызылша егуге ниетті шаруаларға көрсетілетін бірқатар жеңілдіктерді де атап өттік. Ауданымыздан арнайы барған ауыл әкімдері мен шаруа қожалық жетекшілері Қордай ауданындағы іргелі жылыжай кешендерімен және мал бордақылау алаңдарымен де танысып, тәжірибе алмасты.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
17.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 264
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 477
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 439

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9137
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8535
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11763
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9530
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10743