Шығысы кірісінен көп мемқызметшілер жұмыстан босатылады

Шығысы кірісінен көп мемқызметшілер жұмыстан босатылады

    Мәжілістің жалпы отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов: «Мәжілісте «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Заң жобасында негізсіз баюға жауаптылық енгізу көзделген. Бұл норма жемқорлыққа қарсы күрес жүйесінің ең маңызды іргетасы деп айтуға болады. Жасыратыны жоқ, жемқорлықтың арқасында дүние жинап, оларды басқаларға тіркеп, активтерді жасыру схемасы бәріңізге мәлім. Ал осы жасырын байлыққа заңсыз жолмен ие болғанын дәлелдеу оңай емес. Сондықтан азаматтардың шығындары заңды табыстарынан негізсіз асып кетсе, тиісті шаралар қабылдау қажет.  Осыған байланысты қолданыстағы заңнамада көзделген 10 пайыздық жеке табыс салығынан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту ұсынылып отыр. Атап айтқанда, шенеуніктердің шығысы мен табысының айырмашылығы 1 мың АЕК-тен (3 063 000 теңге) асып кетсе, фискалдық санкция қаралады. Яғни, айырмашылық сомасының 90 пайызы әкімшілік айыппұл ретінде тәркіленеді. Егер сол айырмашылық жылдық табыстан асып жатса және оның қайдан шыққанын түсіндіре алмаса, мансаптық жаза қаралады. Бұл мемлекеттік қызметтен үш жылға теріс себептермен босатылады деген сөз. Бірақ әрбір жағдайда мемлекеттік қызметшілерге шығындардың заңдылығын түсіндіруге мүміндік беріледі», деп мәлімдеп, негізсіз баю жауапкершілігін енгізу декларацияның қисынды жалғасы екенін атап өтті. Бұл жаңашылдықтарды халықты жалпыға бірдей декларациялаумен толық қамтуды ескере отырып, 2027 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Өйткені республиканың барлық азаматы 2025 жылы өз кірісінің мөлшері туралы есеп береді. Ал 2026 жылдан бастап олардың шығысын кірісімен салыстыру процесі басталады.

Ермек САХАРИЕВ
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779