Шымкент екінші орында

Шымкент екінші орында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін созу туралы шешім қабылдағаны белгілі. Бұл орайда Шымкент қаласында бағдарлама бойынша жалпы сомасы 50,6 млрд теңге болатын 65 жоба қаржыландырылған. Нәтижесінде мыңнан аса жұмыс орны ашылған.

Шымкентте биыл 80 жобаның банк несиелерін субсидиялау және 20 жобаны кепілдендіру жоспарланған. Ол үшін 83,4 млрд теңге қаржы қаралған. Бағдарламаға 84 кәсіпорын қатысу үшін өтініш білдірген. Бүгінге дейін 65 жоба қаржыландырылса, қазір екінші деңгейдегі банктерде 4,2 млрд теңге сомасындағы тағы бес жобаны жүзеге асыру қарастырылуда.

Осылайша Шымкент қаласы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жобаларды субсидиялау ісінде Алматыдан кейінгі екінші орында тұр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев мәлімдеді.

Қарапайым заттар экономикасын дамыту – бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, бәсекеге қабілетті өндірістер құру. Ең бастысы импортты отандық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен алмастыру. А.Саттыбаевтың айтуынша екі ай бұрын Шымкентте осы бағдарламаға түзетулер енгізіліп, онда қолдауға жататын басым қызмет түрлері мен тауарларды кеңейту, лизингтік компанияларды бағдарлама операторлары ретінде қосу көзделген екен. Бағдарламаның арқасында 2025 жылға қарай кредиттелетін тауарлар бойынша импорт үлесі 59 пайыздан 37 пайызға дейін төмендеп, 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

 

Ш.Мекенбайұлы, Шымкент
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 39
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 80
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 65
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 32
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 71
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 80
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 71
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 69
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 76
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 66
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 73
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 71
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 293

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9305
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8699
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11928
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9701
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10909