Қарағандыда "Шырақ" тілдерді оқытуорталығы ашылды. Ниет білдірушілер қазақ жәнеағылшын тілдері курстарынан тегін өте алады.
Тіл орталығы Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен ашылды. Ол Жамбыл көшесі, 151 мекен-жайы бойыншаорталықтандырылған кітапхана жүйесініңбазасында орналасқан.
– Қалада тілдік курстар аз емес. Бірақ, әдетте, бәрі ақылы. Біз адамдар тілдерді тегін оқиалатындай орталық ашуды ұйғардық. Қарағандылықтардың алғашқы легі мемлекеттіктілді үйренуді 20 шілдеден бастады, – дейдіқалалық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманыТомирис Мұхамеджан.
Қазақ тілін Ерлан Рахимов есімді оқытушыжүргізеді. Әзірге курстарға 15 адам тіркелген. Бірақорталық қызметкерлері жақын арада тілекбілдірушілердің саны артатынына сенімді. Орталықта ағылшын тілі курстары да іскеқосылады.
– Егер тілек білдірушілердің ағымы үлкенболса, біз оларды кіші топтарға бөлеміз. Алдағыуақытта сабақтар кешкі уақытта да өткізілетінболады. Сабақтар аптасына бір рет өтеді", – депқосты Томирис.
Қазір орталықта қазақ және ағылшынтілдерінің оқытушыларын қабылдау жүріп жатыр. Болашақта түрік және қытай тілдерін оқытудыұйымдастыру жоспарлануда. Курстарға мынанөмірлер бойынша жазылуға болады: (8-7212) 50-65-59, 42-14-61.