Сыртқы саясат ішкі саясаттың құралы емес

Сыртқы саясат ішкі саясаттың құралы емес

Түрік саясаткерлері  "dış politika iç politikaya alet edilmez" деген сөзді жиі пайдаланады. Мағынасына  үңілсек "сыртқы саясат ішкі саясаттың құралы емес" дегенді білдіреді. Яғни сыртқы саясатты ел ішіндегі  талас-тартыс, саяси күресте қолданбау қажет дегенді меңзесе керек. Әрі түріктің кез келген оппозициялық саясаткері Түркияның сыртқы саясаттағы мүддесіне келгенде Президентін жалғыз қалдырмайды. Жиі байқаймын мұндайды.  Ал бізде ше? Байқауымша сыртқы саясат пен іштегі оқиғалар мидай араласып кеткен тәрізді. Айталық кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы В. Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Ресми Киевтің ұсынысы бойынша тілдесіпті. Украинадағы соғыс басталғалы бері қос президенттің бұл төртінші рет хабарласуы. Екеуі тілдескен сайын Қазақстан БҰҰ жарғылары мен халықаралық құқықты жақтайтынын айтып келеді. Зеленский болса Қазақстанның гуманитарлық көмегі мен бастамаларына алғыс білдіріп жүр.  Әрине біз әр тілдесуде не талқыланғанын толық білмейміз. Оны қоғамға ешкім ашық айтпайды. Айтуға болады-ау дегенін ғана там-тұмдап ұсынады. Мәселен, Рамштайн кездесулерінің толық нәтижелері де белгілі емес. Зеленскийдің Еуропаға сапарында Ұлыбритания, Франция қатарлы елдер не ұсынғанын санаулы адамдар ғана толық біледі.  Өзгелер болжам жасайды. Ал біз кеше Президенттің Украина басшысымен тілдескенін сан-саққа жүгірте бастадық. Ал мұндай қадамдар алдағы сайлау қарсаңында ұпай жинау құралы сияқты көрінеді екен.  Мұхтар Тайжан  ағамның сондай постын көріп қалдым. Мұқаңды құрмет тұтамын, бірақ меніңше ол кісінің  Қазақстан басшысына қатысты пікірі дөрекілеу тәрізді көрінді. Ел ішіндегі дүниелерді, олқылықтарды сынауға болады. Өйткені ол ішкі мәселеміз. Электораттың талабын ескере отырып айтылатын дүниелер. Ал сыртқы саясатқа қатысты пікір айтқанда эмоция болмауы керек сияқты. Біз ұдайы БҰҰ жарғысын алға тарту арқылы амалдап келе жатырмыз. "Соқыр көршінің жанында бір көзімізді қысып жүруге мәжбүрміз" болатын кездеріміз аз емес. Өйткені геосаясат өте күрделі қазір. Ал қоғамға танылған қайраткерлердің тұтас мемлекетті, оның басшысын тым жасық етіп көрсетуі өзгелердің медиа ресурстарына кәдімгі "азық" болатындай көрінеді. Ал өзге жұрт медианы да қару етіп жатыр.

17.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372