Табаны құрғаған Кіші Талдыкөл құстарға мекен болмайды

Табаны құрғаған Кіші Талдыкөл құстарға мекен болмайды

Нұр-Сұлтан қаласында Кіші Талдыкөл мәселесі әлі де толық шешімін тапқан жоқ. Тұрғындардың қарсылығына қарамастан, әкімдік көлді көміп жатыр. Көлді жасанды жолмен құрғатқаннан кейін онда мекендейтін құстарды басқа жаққа жерсіндіру бойынша жұмыстар қарастырылуда. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистің «Нұр-Сұлтан тұрғындары №71 мектеп маңындағы көлді көміп тастағанда ондағы құстардың үйлерге қарай қашып, ақыры қырылып қалғанын айтады. Қазір әкімдік Кіші Талдыкөлді де көміп жатыр. Биыл Талдыкөлге қоқиқаздар келді. Бұдан бөлек үйрек пен аққудың, басқа да құстардың жүргенін көрдік. Көлді осылай көме берсе, ондағы жануарлардың жағдайына кім жауапты? Қырылса, обалы кімде? Осы мәселені шешу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деген сұрағына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев: «Қазіргі уақытта білікті мамандар, ботаниктер мен зоологтар, орнитологтар біздің мамандармен бірлесіп, осы мәселені жан-жақты қарастырып жатыр. Өйткені арасында жыл құстары бар. Ол құстардың келетін орнын ауыстырып, басқа жаққа жерсіндірейік деген ұсыныстар айтылып жатыр. Оның  бәрі зерттелуде. Нақты қорытындысы бойынша ақпаратты кейін береміз», – деп жауап берді.  Яғни мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «еститін Үкімет» тұжырымдамасын пысқырмайтын шенеуніктер, халықтың жанайқайына  құлақ асар емес. 

Арқаға астана көшірілгелі бері, елорданың сол жағалауындағы тұмса табиғат адам қолымен аяусыз оталып, этнограф Жамбыл Артықбаевтың айтуынша, «Тоғанастың тоқсан екі» көлі суалып кетті. Сарыарқа төсінде шарасынан асып, еркін ағатын ерке Есіл мен Нұра өзендерінің арнасы тарылып, табиғи гидрожүйе бұзылды. Айдынында қалықтаған сан алуан құстардың, жыл құстарының мекенінен безіп, біржола жойылып кетуіне де әсері болғанын ешкім жасырып жаба алмайды. «Айтылмаса, сөз жетім» деп қанша айтылса да жетер жеріне жетпеген сөз де жетім болған заман...   

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660