Таэквондо: Қалтада 3 жолдама

Таэквондо:  Қалтада 3 жолдама

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі: «БАӘ-нің Шарджа қаласында паратаеквондодан өткен Пара Азия ойындарына іріктеу турнирі мәресіне жетті. Жарысқа Қазақстанмен бірге, Өзбекстан, Лаос, Филипин, Тайланд, Жапония, Бахрейн, Ирак, Иран, Индия, Непал және Моңғолия мемлекеттерінен 70-ке жуық спортшы қатысты.

Турнирде ел намысын 7 спортшы қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Олардың қатарында бірінші орын иеленген Алишер Гариполлаев, екінші орынды жеңіп алған Жанболат Қазиев пен Милана Красавцева, үшінші орынды еншілеген Бауыржан Көшербаев пен Нұрбек Жұмақан бар. Мұның ішінде Алишер Гариполлаев, Жанболат Қазиев және Милана Красавцева Пара Азия ойындарына жолдама алды», – деп хабарлады. Айта кетсек, аталмыш ойындар төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі дода болып саналады. Кезекті жазғы IV Пара Азия ойындары Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өтеді. 

 

Ермек Сахариев
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1022
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7068
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10918
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7137
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7279