Тағы 200 баспана тапсырылады

Тағы 200 баспана   тапсырылады

Биыл облыста 200-ден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Құзырлы органдардың мәліметіне қарағанда, жыл соңына дейін тағы 200-ге жуық баспанада қоныс тойы тойланбақшы. «Тұрғын үй қатынастары туралы» республика заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, кезек «Otbasy Bank» акционерлік қоғамы арқылы жалғаса береді.

Бұл туралы өткен аптада Атырау қаласында өткен «Otbasy Bank for Business» атты корпоративтік өнімдер форумында атап айтылды. Облыс әкімдігі мен «Otbasy Bank» арасындағы келісім негізінде ұйымдастырылған жиын ірі және шағын кәсіпорын қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталды.

– Банк – тек қаржы институты емес, әр отбасының болашағына тікелей әсер ететін әлеуметтік даму ұйымы. Басты миссиямыз – әрбір қазақстандықтың өз баспанасына қол жеткізуіне мүмкіндік жасау. Бүгінде мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары көрсетіліп келеді. Ұзақ мерзімді, қолжетімді қаржылық шешімдер ұсынылып, жас отбасылар мен әлеуметтік осал топтарға бағытталған бағдарламалар іске асып жатыр. Бүгінде тұрғын үй саясатында қолға алынған тиімділікті жұртшылыққа жан-жақты таныстырған жөн, – деді «Otbasy Bank» АҚ облыстық филиалының директоры Нұржан Мұғалімов.

Форумға қатысушылар әлеуметтік қолдау, корпоративтік мәдениет, қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсарту және тұрғын үйге қол жеткізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, нақты жүзеге асып жатқан бағдарламаларды талқылады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдулат Кенжебековтің айтуынша, 2021 жылдан бері облыста «Бақытты отбасы – Атырау», «Берекелі баспана», «Атырау жастары» бағдарламалары арқылы 600-ге жуық адам баспана алған.

– Форум – әлеуметтік қолдауды кеңейту және тұрғын үй мәселесін шешу бағытындағы бірлескен жұмыстардың айқын көрінісі. Біз денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған бағдарламаны да іске қосқан едік, соның негізінде қазір 300-ге жуық адам баспанаға қол жеткізді. Биыл барлығы 200-ден астам тұрғын үй берілді. Жыл соңына дейін қала мен аудандарда тағы да 200-ге жуық баспананы табыстау жоспарланып отыр. Былтыр «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, барлық кезектілік «Otbasy Bank» акционерлік қоғамына берілді. Енді тұрғын үй кезек бойынша тиісті заңдылықтарға сәйкес табыстала береді, – деді басқарма басшысы.

 

04.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 558
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 556

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20882
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20665
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35800
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34320
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38202