Талас ауданының даму жоспары қаралды

Талас ауданының даму жоспары қаралды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен өткен Талас ауданы активінде ауданның 2025 жылға дейінгі даму жоспарының орындалу барысы қаралды.

Басқосуда Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті.

Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп өндірісінде 35 млрд. 632 млн. теңгенің өнімі, ауыл шаруашылығы саласында 22 млрд. 442 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндірілген.

Ауыл шаруашылығы саласында 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 15 адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлік саласында барлығы 23 жоба жүзеге асқан десек, биыл аталған салада 17 жоба жоспарланған.

Бұдан бөлек ауданда бюджеттік жобалар бойынша 43 жоба  жоспарланып, нәтижесінде 85 адам жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылы 46 жобаны іске асыру көзделуде. Атап айтқанда, аудандағы екі мектепті күрделі жөндеу, 2 көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту, 3 тұрғын үйдің инженерлік-инфрақұрылымын қайта жаңғырту, ауылдарға газ құбыры желілерінің құрылысын салу жұмыстары жүргізілмек.

Ауданда «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы 3 ауылдық округте іске асырылуда. 5 бағыт бойынша 138 жобаны іске асыру үшін 826,6 млн. теңге қаржыға өтінім берілді. Биыл жобаны Бостандық, Берікқара ауылдық округтерінде іске асыру жоспарланған.

Облыс әкімінің орынбасары ағымдағы жылы атқарылар жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталып, ауданға инвесторлар тарту, ауылдық округ әкімдерінің жұмысын ширату керектігін тілге тиек етті. Әр  елді мекен тұрғынының тұрмысын зерделеу ол ауыл әкімінің басты міндеті екендігін атап өтті.

- Мемлекеттің мүмкіндіктерін пайдаланып, одан әрі ауылдағы шаруалардың жұмысын бағамдап, инвесторлардың есебінен де жұмыс орнын ашу керек. Облыс әкімінің басты қойып отырған талабы – ол ауыл тұрғындарының әл-ауқаты артып, тұрмысының жақсаруы. Өкінішке қарай, Қаратау қаласында көкеніс сақтайтын қойма жоқ. Осыны да назарға алу керек. Ең бастысы, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту күн тәртібінен түспеу керек, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Жиынды барысында Қанатбек Мәдібек әр ауылдық округ әкімін орнынан тұрғызып, атқарылып жатқан жұмыстарының жөн-жобасын сұрады. Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың барлығымен таныс болуы керектігін ескертті.

Жиын  қорытындысы бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары «Дарын» өнер мектебінде аудан шаруалары және кәсіпкерлермен кездесті.

Жамбыл облысы әкімдігі
27.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 275
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 493
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756