ТАЛАСТА «БИЛІКӨЛ» ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТАЛАСТА «БИЛІКӨЛ» ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
✅ Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аудан әкімі Қанатбек Мәдібек айтты. Ол аудан халқын ауыз сумен қамту шараларына да тоқталды. Қазіргі танда Қайыр, Ақтөбе, Арал елді мекендеріне ауыз су жеткізу үшін мембрандық қондырғы орнатуға және Тұрымқұл, Қожағаппар, Қараой, Сейілбек елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 20 000 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
♦ «Қаратау қаласы бойынша тұрғын үй қорынан көпбалалы аналар мен отбасыларға 25 пәтер сатып алынып, кілттері табысталды. Сонымен қатар, 20 пәтер, яғни, кезек ретімен пәтер алып заңсыз жалға берген және өздері тұрмай бос тұрған пәтерлер әлеуметтік осал топтағы мүгедектерге, толық емес отбасыларға, көп балалы отбасыларға берілді», — деді Қанатбек Қайшыбекұлы.
Спикер жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартудың жылдық жоспары 3 299 адам екенін айтып, әзірге 765 тұрғын екі қолға бір күрек тапқанын айтты. Ал тұрақты ваканттық бос жұмыс орындарына 344 азамат орналасқан. Енді 30 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 6,871 мың теңге бөлінбек.
©️ Өңірлік коммуникациялар қызметі
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5279
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5439
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20403
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19038
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22502