ТАЛҒАР – АЙСБЕРГТІҢ ҰШЫ ҒАНА

ТАЛҒАР – АЙСБЕРГТІҢ ҰШЫ ҒАНА

Талғарда болған қанды оқиға – жай ғана бір өңірдің трагедиясы деп ойлау, үлкен қателік. Бұл – бүкіл елдегі әділетсіздіктің, жемқорлықтың, құқық қорғау органдарының дәрменсіздігінің айнасы.

Бүгін біз «Талғардағы полиция салғырттық жасады» деп отырмыз. Бірақ дәл сондай салғырттықты қай қалада, қай ауылда кездестірмейміз?

Әділет жоқ жерде қылмыс қаптайды. Ал әділет қайда бізде?

Мемлекет не істеп отыр?

Елдің жақсы өмір сүруі былай тұрсын, орташа өмір сүруіне де жағдай жасай алмай отыр.

- Баға күн сайын шарықтап жатыр.

- Айлық жұрттың азығына да жетпейді.

- Жастар шетелге қашып жатыр.

- Қоғам әділетсіздіктен тұншығып отыр.

Ал билік не істеп жатыр? Халықтың жағдайын ойламай, камера орнатып, айыппұл салуды бірінші орынға қойып алды. Құдды бір ел басқармай, халықты тонаудың жаңа әдістерін ойлап тапқандай.

Полиция халықты қорғаудың орнына, қалтасын қампайтуға әуес.

Сот әділдікті орнатудың орнына, ақшаның құлы.

Әкімдік халыққа қызмет етудің орнына, кабинетінде отырып есеп беруге ғана шебер. Міне, осының бәрі – Талғардағы қанды оқиғаның түп себебі. Бұл – бір өңірдің ғана қасіреті емес, тұтас елдің қасіреті.

Талғар – айсбергтің ұшы ғана. Ал астында бүкіл ел жатыр.

Егер біз бүгін жүйені түгел тексермесек, халықтың мүддесін қорғауға көшпесек, ертең әр үй қара жамылып, әр қазақтың жүрегі қан жылайтын күн алыс емес.

 

Сұрақ: біз қайда бара жатырмыз?

Әділетті ел құрып жатырмыз ба, әлде әділетсіздікке көндіге беретін құлдар елін қалыптастырып жатырмыз ба?

 

Айгүл ҚҰРМАНБЕК

 

10.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17550
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17399
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32572
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31163
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34813